Аймақтар • 23 Наурыз, 2018

Теміртауда жеті үйді су басты

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Толассыз жауған жаңбыр мен қардың еруінен Теміртау қаласындағы жеті жекеменшік үйді су басты, деп хабарлайды Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Теміртауда жеті үйді су басты

ТЖД бөлімшелері, жергілікті атқару органдары, жергілікті полиция қызметі және басқа да жұмылдырылған ұйымдар апат салдарын жоюмен айналысып жатыр.

ТЖД құтқару бөлімшелері жергілікті атқару органдарымен бірге Бұқар жырау ауданының Көкпекті кентінде, Абай қаласында төрт үйді судан тазартуда.

Жердегі қардың еруінен тыс, елді мекендерге республикалық маңызға ие «Қарағанды - Аягөз - Бұғаз», облыстық маңызға ие «Қоянды - Егіндібұлақ - Бүркітті», «Ынталы - Бесоба» автожолдарынан да су құйылуда. Ол жерлерге ескерту белгілері қойылып, ЖПҚ, «Қазақавтожол» ЖШС, «Қарағанды жолдары» ЖШС қызметкерлері кезекшілік атқарып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше