Қазақстан • 27 Наурыз, 2018

Әлеуметтік жаңғыру туралы жинақ шықты

1058 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыдағы Ұлттық кі­тап­ханада ел Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» бағдар­ламалық мақаласы аясында жазылып, әлеуметтік жаңғырту мәселелерін талдауға арналған жаңа монографиялық жинақтың тұсауы кесілді. 

Әлеуметтік жаңғыру туралы жинақ шықты

Тұсаукесер рәсімін жасауға келген Еуразиялық интеграция институты директорының орынбасары Наталья Калашникова жаңа зерттеу еңбегінің ерекшелігі мен маңызын сөз ете отырып, институттың ғылыми жобаларымен де таныс­тырып өтті. Ұжымдық іргелі еңбекте Қазақстандағы әлеуметтік-саяси үдерістер сарапталып, азаматтық қоғамның  әрі  қарайғы дамуының келешегі, қоғамдық сананы қалыптастыру мен нығайтудағы саяси азаматтық институттардың рөлі тарқатылады. Монография Еуразиялық интеграция институты жүргізген әлеуметтік зерттеулердің түйінін топтастырған.  

Бүгінде Қазақстан де­мо­кратиялық, зайырлы, құ­қық­тық және әлеуметтік мем­лекет ретінде толықтай қалыптасты. Бұған ара-жі­гі бөлінбестен, өзара тең­­дес­­тірілген ішкі және сырт­­қы саясат мүмкіндік ту­ғыз­ды. Бірақ соңғы он жыл­дағы халықаралық мәсе­лелердің дамуы қауіпсіздік параметрлерін өзгертіп жі­­бер­ді. Ауқымды сая­си мәсе­лелердің шие­ле­ні­суі ке­зінде халықаралық қа­уым­дас­тықтың қатысушылары эко­но­микалық санкцияларды белсенді қол­данып, мемлекет пен қоғамның барлық өмір сүру салаларына әсер етудің жаңа тәсілдерін пайдалана бас­тады. ХХІ ға­сырда әлемнің өзгергені сонша, бүгінде тек қана бәсекеге қабілетті мемлекет және ин­теллектуалды дамыған ұлт қана уақыт сынағы мен жаһандануға қар­сы тұра алатыны анық байқалып отыр. Осындай беталысты бағамдаған алдыңғы қатарлы мемлекеттер өз да­муының жаңа стратегия­сы мен жүйесін қолға алды.

Мемлекет құрудың жаңа кезеңіндегі мұндай даму үлгісін Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаң­ғыруы: жа­һандық бә­секеге қабілеттілік» ат­ты ел­ халқына жолдаған Жол­дауы мен «Бо­ла­шаққа бағ­дар: рухани жаң­ғыру» ат­ты ма­қаласында айқын бел­гілеп берді. Қа­зақ­станның әлеу­меттік жаң­ғыруы туралы жа­ңа еңбекте Президенттің реформатор ре­тіндегі тұлғасы ол ұсын­ған тың идея­ларды талдау арқылы даралана түседі. Сая­­саттанушы мамандар жүргізген кешенді әлеуметтік зерттеулер нәти­жесі қоғамдық сананы қалып­тастырудың маңызды бөлігі іспеттес. Үшін­ші жаңғыру міндеттерін жүзеге асыру жо­лында, аза­маттардың бел­сенділік дең­гейін зерттеуде мамандар құн­дылықтар мен мақсатты алға қойған биік қоғамдық қолдауды сезінді.

Жалпы алғанда, Наталья Калашни­кованың айтуынша, монографияда тұр­ғын­дардың әлеуметтік көңіл күйді сезіну, қазақстандық қоғамның өзіндік дамуы мен өрістеуі, сондай-ақ халықтың әртүр­лі мәртебедегі тобы­ның жаңғыру үде­рісін қа­былдау деңгейі сияқты қиын әрі маңызды құбылыс болып табылатын әрі біріне-бірі ұқсамайтын әртүрлі әлеуметтік-мәдени факторлар жан-жақты зерттеліп, кеңінен сарапталған.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ