Үкімет • 27 Наурыз, 2018

Бақытжан Сағынтаев: Кемероводағы өрттен сабақ алуымыз керек

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев еліміздің Ішкі істер министрлігіне барлық сауда орталықтарында өрт қауіпсіздігін тексеруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бақытжан Сағынтаев: Кемероводағы өрттен сабақ алуымыз керек

«Назар аударатын тағы бір мәселе, Ресейдің Кемерово қаласында орын алған қайғылы жағдай барлықтарыңызға мәлім. Сауда орталығында өрт болып, көп адам қаза тапты, 60-тан аса. Оның 35-і балалар. Елбасы ресми түрде Ресей президентіне көңіл айтты. Біз де бұл төтенше оқиғадан сабақ алуымыз қажет», - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Оның дерегінше, қазірдің өзінде бұл мәселе әлеуметтік  желілерде қызу талқыланып жатыр. Блогерлер өз бастамаларымен сауда орталықтарына барып, эвакуацияға арналған есіктердің жабық-ашықтығын тексеруде.

«Сол себептен Ішкі істер министрлігі мен өртке қарсы қызметтер әкімдіктермен бірлесіп, сауда орталықтарында тексеру өткізіп, тиісті шаралар қолдануы қажет. Асқар Ұзақбайұлы, (ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Мамин) сіздің бақылауыңызда», - деді Бақытжан Сағынтаев.