Қазақстан • 28 Наурыз, 2018

Ресейліктердің қайғысына ортақтасқан қазақстандықтар елшілік маңына гүл шоқтарын әкеліп жатыр

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кешелі бері Астанадағы және Алматыдағы Ресей елшілігінің маңында қазақстандықтар Кемероводағы өрттен көз жұмғандарға көңіл айтып, гүл шоқтары мен ойыншықтар әкеліп жатыр. Бұл туралы РФ елшілігінің өкілдері хабарлады.

Ресейліктердің қайғысына ортақтасқан қазақстандықтар елшілік маңына гүл шоқтарын әкеліп жатыр

«Кемероводағы алапат өрттен қайтыс болғандарды еске алу мақсатында Ресей елшілігінің маңына қазақстандықтар күні бойы гүлдер мен ойыншықтар әкеп жатыр. Көңіл айтқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз», деп жазды Ресейдің Қазақстандағы елшілігі өзінің фейсбук парақшасында.

Естеріңізге салайық, соңғы ақпарат бойынша Кемерово қаласындағы сауда орталығының өртеніп, салдарынан 64 адам бақилық болды.