Мемлекеттік хатшы «Жас Отан» жастар қанатының IV съезіне қатысты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Отан» жастар қанатының IV съезі аясында өткен «Жаңа әлемге жол саламыз» атты гала-форумға қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


Егемен Қазақстан
29.03.2018 2724
2

Гала-форумға 1500-ден астам жастар өкілдері, сондай-ақ Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен «Нұр Отан» партиясының басшылығы және қалың жұртшылық қатысты.

Форумды ашқан Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді.

Онда «Жас Отан» Мемлекет басшысының барлық бастамалары мен стратегиялық жоспарларының сенімді тірегіне айналғаны, бұл беделді ұйым мыңдаған білімді де белсенді жастардың, Қазақстанның нағыз патриоттарының басын біріктіріп отырғаны атап өтілген.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастар мәселесі мемлекеттің ұдайы назарында. Қазір бүкіл әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басты. Ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізу үшін елде саяси, экономикалық, рухани және әлеуметтік жаңғырулар қолға алынды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалада ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы айтылып, таяу жылдарда қолға алуды қажет ететін міндеттерге ерекше назар аударылды. Олар: латын әліпбиіне көшу, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы, үш тілде білім беру және т.б. Бұл үшін сапалы білім беруге және біліктілігі жоғары жас мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлу керек. «Жаңа әлемге жол саламыз» деген съезд атауы Қазақстан жастарының жаңа білім мен инновацияға деген ұмтылысын аңғартады.

Президент жастарды жан-жақты дамуға – спортпен, өнермен айналысуға, шет тілдерін үйренуге, отандық және әлемдік әдебиеттің бай мұрасын танып-білуге, ең бастысы, әлемдік деңгейдегі кәсіби маман болуға шақырды.

Съезд алғаш рет VR (virtual reality) форматында көрсетілді. Бұл технология кез келген Интернет пайдаланушысына залдағы көріністің барлығын 360 градус айналасында көруіне мүмкіндік береді.

«Рухани жаңғыру», «Цифрлық Қазақстан», «Қазақстанда жасалған», «Білім. Ғылым. Инновация», «Саламатты ұлт» тәрізді 5 секциялық бағыт бойынша тақырыптық жобалар әзірленді.

«Жас Отан» жастар қанатының IV съезі сананы жаңғыртуға және Қазақстан жастарының жаһандық бәсекеге қабілетті болуына бағытталған жастар саясатының жаңа форматы аясында өткізілді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.10.2018

Астанада вирусты менингитке күдікті сегіз оқушы ауруханаға жатқызылды

18.10.2018

Еуроодақ саммиті: «Брексит» мәселесі қиындай түсті

18.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Рольф Драакпен және Мехран Эфтехармен кездесті

18.10.2018

Қарағандыда әнші-композитор Қорабай Есеновтің мерейтойлық кеші өтті

18.10.2018

Мемлекет басшысы Еуропаның іскер топтар өкілдерімен кездесті

18.10.2018

Маңғыстауда алғашқы электр қуаттандыру станциясы ашылды

18.10.2018

«Ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасы басталды

18.10.2018

Көлік кептелісінде көмекші - Road Zipper

18.10.2018

«Хабар 24»: «Egemen Qazaqstan»-ға шолу

18.10.2018

Венгрияға баратын балуандар белгілі

18.10.2018

Қыздар университеті туған жерге тағзым етіп қайтты

18.10.2018

Керчьтегі оқиғада қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ

18.10.2018

Илья Теренченко «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды

18.10.2018

Д. Кәлетаев Қостанайдағы үкіметтік емес ұйымдар республикаға үлгі екенін айтты

18.10.2018

Таиланд қазақстандықтарға визаны тегін бермек

18.10.2018

Қызылордада Жолдаудағы тапсырмалардың мәні түсіндірілді

18.10.2018

79 жасында алғаш рет подиумға шыққан Ван Дешунь

18.10.2018

Жалпы азаматтық құқықтар ар-ұждан бостандығымен шиеленіспейді

18.10.2018

Қызылордада апатты үйлер мәселесі шешілді

18.10.2018

Марат Сұлтанғазиев Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу