Қазақстан • 30 Наурыз, 2018

Астананы азық-түлікпен қамту ісі сөз болды

342 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенатта «Астана айналасындағы азық-түлік белдеуі: жай-күйі және келешегі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. 

Астананы азық-түлікпен қамту ісі сөз болды

Шараны Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Жеңіс Нұрғалиев ашты. Ол Мемлекет басшысының 2017 жылы сәуірде берген тапсырмасына сәйкес, Астананы отандық негізгі өндіріс тауарларымен қамтамасыз ету және азық-түлік тауарларын басқа аймақтардан тұрақты жеткізу мақсатын­да елі­міздің Үкіметі «2017-2018 жыл­дарға арналған Астана қала­сында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі жол картасын» бекіткенін еске салды.  

Дөңгелек үстел барысында Ауыл шаруашылығы ми­нистрінің орынбасары Рүстем Құрманов, Астана қаласы әкі­мін­ің орынбасары Малика Бек­тұрова, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асқарбек Үйсімбаев, Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы басқармасы жетекшісінің орынбасары Сырым Бошпанов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы Агроөнеркәсіп және азық-түлік өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев, Картоп және көкөніс өсірушілер одағы­ның президенті Қайрат Бисетаев, Құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов сөз сөйледі. 

Дөңгелек үстел отырысында елордаға азық-түлікті үздіксіз жеткізуге арналған жағдайды қамтамасыз етудің өзекті мәсе­лелері көтерілді. 
Баяндамашылар аграрлық сала өндірісінің оң қарқынын атап өтіп, өнім жеткізушілердің Астана базарларына кіруіне, ком­мунал­дық базарлар мен сақтау қой­маларының жұмысына бай­ланыс­ты бірқатар мәселелерді шешу қажеттігіне назар аударды. Бөлшек сауданың елеулі бөлігін иемденіп кететін делдалдардың әрекеті өнім өндірушілерді ерекше алаңдатып отыр. Азық-түлік өнімдерін өндірістен тұтынушыға дейін жеткізудің оңтайлы жолдары ауыл шаруашылығы кәсіп­орын­дарының жұмысы үшін жағ­дай жасай отырып, отандық ком­па­ниялардың әлемдік нарық­тарға шығуына мүмкіндік туғызуы тиіс. 

Шараны қорытындылаған Ж.Нұрғалиев салалық министр­ліктер мен әкімдіктерді жағдайды тұрақты назарда ұстай отырып, туындайтын өзекті мәселелерге орай уақытында әрі тиімді әрекет ету үшін сала ахуалына мониторинг жүргізуге шақырды.