Еларалық өзендер ахуалы өзекті

Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасында трансшекаралық өзендер мәселесі екі ел қатынастарындағы өзекті де өткір проблеманың бірі болып отыр. Себебі Қазақстан – Қытай арасында 24 трансшекаралық өзен бар. Олардың ең ірілері – Ертіс, Іле және Еміл өзендері.

Егемен Қазақстан
02.04.2018 1728
2

Бұл өзендер Балқаш, Зайсан, Алакөл көлдерінің бірден-бір су көзі саналады. Сондай-ақ олар еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің дамуына, қоршаған орта экологиясының қалыпты болуына тікелей әсер етуші негізгі фактор десек, қателеспейміз.

Трансшекаралық өзендер тараптардың жүйелі әрі тұрақты талқылайтын мәселесіне айналғанымен, ол жақын жылдары шешіле қояды деп айта алмаймыз. Өйткені дәл осы мәселемен айналысатын мемлекеттік органдардың басшылары мен осыған тікелей жауапты шенеуніктер еліміздің ұлттық, экономикалық және экологиялық қауіпсіздігі үшін аса маңызды мәселелер талқыланған кезде табандылық таныта алмайды. Көп ретте Қытай тарапының ығына жығылады, айтқандарына көнуге мәжбүр болады. Ал бүгінге дейін қол қойылып, күшіне енген екіжақты шарттық-құқықтық құжаттар су сапасы мен оны бұру және трансшекаралық өзендерді пайдалануға қатысты көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Қазақстан – Қытай арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесі осыдан ширек ғасыр бұрын көтерілген. Бірақ біраз жылдарға дейін бұл мәселе бойынша ілгері басушылық байқала қоймады. Қытайларға осы «үнсіздік» керек-ақ еді. Ал біз ешқашан асықпайтын, аузымыздағы нанымызды біреу тартып әкетсе де үндемейтін халықпыз ғой. Сөйтіп жүргенде қазақстандық тарап ҚХР-дың Шыңжаң ұйғыр автономиялы ауданы басшыларының Қара Ертіс өзені ағынының белгілі бір бөлігін провинцияның орталық аудандарындағы шөл далаға бұру туралы шешімін естиді. №635 деген атпен белгілі бұл жобаға Қытай коммунистік партиясының орталық комитеті де қолдау білдіреді. Содан кейін ғана қазақстандық тарап екі ел арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесіне назар аудара бастады.

Соңғы жылдары Қытай билігі елдің батыс аймағын, яғни Шыңжаң ұйғыр автономиялы ауданының экономикасын дамытуды мықтап қолға алуда. Ондағы шөл дала игеріліп, өндіріс орындары іске қосылып жатыр. Сондай-ақ халық саны еселеп арта түскен. Осының барлығы орасан зор көлемде суды қажет ететіні анық. Оның ең басты және тиімді жолы – Ертіс пен Іле өзендерінің суын пайдалану. Бұған қазақстандық экологтар алаңдаушылық білдіріп, дабыл қаққалы біраз жыл болды...

Қытай мұнай өнімдерін көп тұтынатын елдердің бірі. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Тұрпан даласындағы мұнай қоры 10 миллиард тоннадан асады. Оны игеру үшін жұмыс күші жеткілікті, ал қажетті суды қайдан алады? Ертіс пен Іле өзендерінен бе? Жалпы алып көршіміз осы өзендерден су алу жоба-жоспарынан әлі бас тарта қойған жоқ. Оның үстіне олардың Шыңжаңдағы Қара Ертіс – Қарамай каналы жобасы тағы бар. Каналдың ені – 22 метр, ұзындығы 300 шақырымды құрайды. Аспанасты елі кез келген нәрсені жайдан-жай қолға алмайтынын, оны асықпай іске асыратынын естен шығармайық.

Іле өзенінің суы Балқаш көліне құйылады, ол – көлдің 80 пайыз суын құрайтын үш үлкен су көзінің бірі. Екіншіден, Балқаш су көлемі жағынан әлемде он алтыншы, Орталық Азияда екінші орында тұрған ең үлкен көл саналады. Оның еліміз үшін экономикалық және экологиялық ерекшелігі жоғары. Өкінішке қарай, ғалымдар көлдің суы жыл өткен сайын төмендеп бара жатқанын айтады. Трансшекаралық өзендер суын пайдалануды және оны бөлуді реттемесе, болашақта Балқаш та Аралдың тағдырына душар болу ықтималдығын жоққа шығармайды.

Бастауын Қытайдан алып, Қазақстан аумағы арқылы Ресейге ағатын Ертіс өзеніне қатысты алаңдатарлық пікірлер бар. Ресей экологиялық саясат орталығының жетекшісі Алексей Яблоковтың пікірінше, ресейлік ғалым-экологтар да Ертіс өзеніне байланысты проблемаға алаңдаушылық білдіреді. Өйткені Қытай үдемелі түрде Қара Ертіс суын ауыл шаруашылығы саласына пайдаланып келеді. «Қазіргі кезде Ертістен Ресейге ағып келетін судың көлемі екі есе азайған, – дейді ол. – Соның салдары Қазақстанға ғана емес, Ресейге де тиіп жатыр».

Трансшекаралық өзендер суын пайдалануда табиғи тепе-теңдіктің сақталғаны жақсы. Ал экономикалық пайда көзін іздеп, көрпені өзіне қарай тарту мүдделер қақтығысын тудыруы мүмкін. Кез келген халықаралық және мемлекетаралық мәселені өзара түсіністік, өзара тиімділік жолымен шешкеннен ешкім ұтылмайды.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.01.2019

Қарағандылық инспекторға оқ атқан күдіктілердің фотосы жарияланды

18.01.2019

ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлек «Болашақ» арқылы шетелдерде оқи алады

18.01.2019

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Ғали Исқалиев тағайындалды

18.01.2019

Ақтөбе облысының шаруалары былтыр 228 млрд теңгенің өнімін өндірді

18.01.2019

Полиция департаменті айыппұлды уақытылы төлеуге шақырды

18.01.2019

Елордалық аурухана тұңғыш рет неврологиялық асқынуды азайтатын құрылғыны қолданды 

18.01.2019

Елордалық құтқарушылар жанып жатқан үйден 6 адамды шығарды

18.01.2019

Колумбиядағы жарылыс салдарынан 21 адам қайтыс болған

18.01.2019

Тимур Қожаоғлы: «Егемен Қазақстан» – Еуропа құрлығындағы маңдайалды басылым

18.01.2019

Алматыдағы тікұшақ апатынан кейін «Sky Service» рейстері тоқтатылды

18.01.2019

Геннадий Головкин ұлды болды

18.01.2019

Солтүстік Қазақстанда «Қайырымдылық керуені» акциясы жалғасты

18.01.2019

Головкиннің қарсыластары бір-бірімен жұдырықтасады

18.01.2019

Петропавлда ресейлік бас киімдер көрмесі ашылды

18.01.2019

Ақтөбеде жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету меморандумына қол қойылды

18.01.2019

Алматыда газбен жүретін жаңа автобустар іске қосылады

18.01.2019

СДУ-да IT технологиялары саласында білім беру жобасы басталды

18.01.2019

Мемлекет басшысы «Smart Aqkol» ахуалдық орталығына барды

18.01.2019

Елбасы кітапханасының Ақтөбеде өткен көшпелі көрмесін 120 мыңнан аса адам тамашалады

18.01.2019

Атырауда қазақтың үш биіне ескерткіш орнатылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу