Қазақстан • 02 Сәуір, 2018

Әлия Бекқожиева: Мемлекет берген мүмкіндік

530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Президенттің бес әлеу­меттік бастамасы» шағын және орта бизнеске дем беріп, жаңадан бизнес бастағандарға қолдау көрсету үшін жеңілдетілген шағын несие көлемі туралы болды.

Әлия Бекқожиева: Мемлекет берген мүмкіндік

 Ол биылғы жылы же­­ңіл­­детілген шағын несие көле­мін арттыру үшін қосымша 20 мил­лиард теңге бөлу кере­гін айт­ты. Сөз жоқ, бұл ел­і­міздің экономикалық қуатын ілгері­­лету жолын таңдап, ауылдан жаңадан кәсіптерін ашып, жұмыстарын бастаушылар үшін үлкен қолдау. 

Өткен жылы аймақта Кә­сіп­­­кер­лікті қолдау картасы шең­­берінде 344 жұмыс ор­нын құрумен құны 5 млрд теңге болатын бес жаңа жоба жүзеге асты. Шағын және ор­та кәсіпкерлік субъек­тілері­мен өндірілген өнімнің көлемі алдың­ғы жылмен салыс­тырғанда 50 па­йыздан астам өсім берді. Сондай-ақ былтыр жергілікті бюджет пен «Даму» қоры қара­жаты есебінен барлығы 500 млн теңге бөлініп, кәсіпкерлерді қаржыландыру жүргізілді. Бұл қаражатқа 11 жоба мақұлданды.

Жалпы, Елбасының халыққа Жолдауында атап көрсе­тіл­геніндей, ауылда ғана емес, барлық жерде адам­дар өз бизнесін аша алады. Соның арқасында шағын несиелен­дірудің көлемі кеңейтуге, жаңа кәсіп ашуға, екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жүздеген  адамды жұмыспен қамтамасыз етуге  болады.

Ендеше, мемлекет тарапынан жасалатын осындай қолдау мен берілген мүмкіндікті қалт жібермеген дұрыс.

Әлия БЕКҚОЖИЕВА,

«Атырау облыстық жұмыс берушілер мен  кәсіпкерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше