Экономика • 02 Сәуір, 2018

Ринат Муратов: Бұл – мыңдаған жұмыс орындары

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының елді газбен қамтамасыз ету­ді жалғастыру жөніндегі бесін­ші бастамасы бізді де бейжай қалдырмады. Жалпы, тәуелсіздік алған жылдан бас­тап елімізде көгілдір отын өн­діру көлемі 8-ден 52 миллиард текше метрге дейін арт­қан­дығын айта кетпекпін. Бүгінгі таңда елімізді газбен қамту деңгейі 50 пайызға жеткен.

Ринат Муратов: Бұл – мыңдаған жұмыс орындары

Алайда еліміздің орталық және солтүстік өңірлері әзірге газсыз қалып отыр. Сондықтан да Қара­өзектен (Қызылорда облы­сы) Жезқазғанға, одан Қарағанды мен Теміртауға және Астанаға тартылатын магистральды газ құбырын салу көзделіп отыр. Әрі қарай, жоспар бойынша – Павлодар, Петропавл және Көкшетау. Аталған жобаны жүзеге асыру 2,5 млн адамды көгілдір отынмен қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар жаңа өндірістер ашылып, жаңа жұмыс орындары пайда болып, экология айтарлықтай жақсарады.

Компаниямыз газ өндірумен айналысатындықтан да жобаның жүзеге асырылуына мүдделі екендігін тағы бір қаперге сала кеткенім артық емес. Бұл ретте ұзақ мерзімге сақтауға кететін шығындар қысқарып, цистерналар арқылы тасымал және темір жол тұйықтарына апарып қою сияқты көптеген артық іс-қимылдар қажетсіз болып қалады.

Экологиялық таза отын саналатын газдан бөлі­нетін жылу сұйық пен қатты отын­дардың қызуы­нан ешбір қалыс­пайды және де қуатты не­месе тех­но­логиялық отын ре­тінде пай­даланылады. Өзі арзан.

Ринат МУРАТОВ,

«Атбасарский-Газ» ЖШС директоры

Ақмола облысы