Саясат • 02 Сәуір, 2018

Назарбек Байжігітов: Қазақ пен қырғыздан жақын халық жоқ

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 наурызда Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээн­бековке Қазақстанның Қырғыз Респуб­ли­касындағы Төтенше және өкілетті елшісі Кәрім Көкірекбаев Сенім гра­мотасын тапсырды.

Назарбек Байжігітов: Қазақ пен қырғыздан жақын халық жоқ

Қазақстанның Қырғызстандағы елші­сімен сұхбаттасу кезінде Қырғыз Респуб­ликасының Президенті қысқа мезгіл аралығында Астанаға екі рет ресми сапармен, сонымен қатар үшінші рет Орталық Азия мемлекеттері басшыларының  кеңесіне барғанын еске алды.

«Бұл сапарларымның кезінде біз ма­ңыз­ды құжаттарға қол қойдық, көкей­кесті мә­се­лелерді талқыладық. Мен сіздің Қырғыз­станға елші болып тағайын­дал­ғаныңыз­ға өте қуаныштымын, болашақта біз­дің мәмі­лелеріміз тереңдеу үстінде ғана болады деп сенемін, өйткені қырғыз бен қазақтан жақын халық жоқ», – деді Соо­ронбай Жээнбеков.

Үш кездесудің де тарихи оқиға еке­нін айтқан Қазақстанның елшісі Кәрім Кө­кірекбаев кездесулерде шекара, эконо­микалық ықпалдастық мәселелері оң шеші­ліп, осының нәтижесінде екі елдің ортасындағы тауар ай­на­лымының едәуір өскендігін, биыл Қырғыз­станда өткелі жатқан заңғар жазушы Шыңғыс Айт­матовтың  90 жылдық мерекесі және III Бүкіл­әлемдік көшпенділер ойындары іс-шара­ларына Қазақстан қызығушылық танытып отырғанын мәлімдеді.

Назарбек БАЙЖІГІТОВ,

Үкіметтік «Кыргыз Туусу» газетінің жауапты хатшысы,

арнайы «Егемен Қазақстан» үшін