Өнер • 02 Сәуір, 2018

Ибрагимовтардың отбасылық «Мұра» атты көр­ме-вернисажы өтті

634 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік орта­лық музейінде сурет­ші­лер Юнус, Зухра және Жасмин Ибрагимовтардың отбасылық «Мұра» атты көр­ме-вернисажы өтті.

 Ибрагимовтардың отбасылық «Мұра» атты көр­ме-вернисажы өтті

Шіркін, бұл көрмеде жарасымды жан­ұя­ның меруерттей мұ­ралары әспетті қал­пында жү­ре­гіңізді езіп, өзіне еліктіре тү­седі...

Жұбайлардың жарасымды жұбы – Ибрагимовтар Ташкент қаласындағы П.П.Бе­нь­ков атындағы көр­кем­сурет учи­ли­щесін біті­рді. Юнус училищенің театр де­ко­рациясы, Зухра Дизайн бө­лімін және Ост­ров­ский атын­дағы театр-көркемсурет инс­ти­тутының кітап графикасы бөлімін оқып бітірді. Жұбайлар қа­зір­гі уақытта сурет және кес­кіндеме сабақтары бойынша же­ке ұстаздық қызмет ат­қа­ра­ды.

Әрбір суретшінің көрмесі өзін­дік жаңа көп қырлы шығар­машылық қызметімен ерекшеленеді. Ю.Ибраимов монументалды және станокты кескіндеме техникасында жұмыс жасайды. Өз шығар­ма­ларын пленэрге шық­қанда да, шеберханада жа­са­ғанда да ол сәуле мен кө­лең­ке­нің қоз­ғалысын байқап, кез келген түс өзгеріс­те­рін сезі­нуге ты­рысады. Суретші барлық өзі­нің іш­кі дү­ние­сін жұмсақ және әдемі бояу­лар арқылы көр­сетеді. Өзі туған жердің табиғатының сұлу­лығын бейне­леген «Қарғалы. Кеш», «Алек­­сеевкаға барар жол», «Вес­новка», «Ре­м­изовка», жыл мез­гіл­дері – «Ақпан», «Шіл­де», «Күз таяп қалды» атты көптеген пей­­заждық жұмыстары бар.

Зухра графикаға, ағашқа күй­­діріп өр­нек салуға, матаға көр­кем ою-өрнектер салып әше­кейлеуге – батикке, өз шы­ғар­­­ма­­шылығында әр түрлі әдістерді, ма­те­ри­а­лдар­ды пайдаланып, жиі сынақтар жа­сауға құштар, сондай-ақ ол майлы кескіндеме тех­ни­касында да жұмыс жасайды. Оның картиналары, әсіресе («Бутаковка», «Таңғы суық», «Ыстықкөл», «Қыстағы күннің батуы») пей­заждары өте көркем және әдемі. Соңғы жылдары жұбайлар мүсінмен және ба­рель­ефпен шұғылдануда. Суретшілер отбасымен пленэрлерге шығып, көптеген жұмыстарын табиғат аясында салған.

Зухра және Юнус Ибраги­мовтар өзде­рі­нің көрмелерін 2010 жылы көрермендер на­зарына ұсынған. Ал бүгінде от­басылық жұпқа олардың қыз­дары Жасмин қосылды. Көр­меге Жасмин алғаш рет өзінің акварель жұмыстарын қойды. Ол Қастеев атындағы мек­­тептің көркемсурет бөлі­мінде оқиды, көптеген балалар шығармашылық бай­қау­ларының қатысушысы: «Гүлдер әлемі» (1-орын), «Менің Қазақстаным» (1-орын), «Балдәурен» және т.б. лагерьлердің эмблемасы үшін 1-орынды иеленген.

Наурыз мерекесіне орай шуақты ша­ңырақтың жарасымды шығармаларын жинақтаған бұл көрмеге 45-тен астам жұмыс қойылғанын айтуымыз керек.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан

АЛМАТЫ