Іс-шара мемлекеттік қызметшілер арасында еркін сұхбат алаңын құру мақсатында бейресми форматта өткізілді.
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» атты мемлекеттік қызметшілердің санасын трансформациялауға бағытталған кіші бағдарламасын өңірімізде Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті жүргізуде. Осыған байланысты, сұхбат алаңы маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілердің ой-санасы мен ойлау өрісін өзгертуге жаңа әдістерді қолдануға бағытталған болатын.
Кездесуге қатысушылар мемлекеттік органдар қызметінің түрлі бағыттары бойынша көкейіндегі сауалдарын қойып, әсіресе әлеуметтік қамтамасыз ету, әдеп ережелерін сақтау, мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру мәселелеріне тереңірек тоқталды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің хабаралуынша, департамент басшысының осыған ұқсас кездесулері түрлі мақсатты топтармен тұрақты түрде өткізілмек.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы