Әлем • 03 Сәуір, 2018

Қазақстан Иранмен ауылшаруашылық өнімдерін жеткізу мәселелерін талқылады

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Тегеран қаласында (Иран Ислам Республикасы) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.Исаева бастаған делегацияның Иран ветеринарлық ұйымымен ауылшаруашылық өнімдерін өзара жеткізу мәселелері бойынша екіжақты кездесуі өтті.

Қазақстан Иранмен ауылшаруашылық өнімдерін жеткізу мәселелерін талқылады

Осы кездесу екі елдің ауыл­шаруа­шылық өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілері арасындағы өзара қызығушылығына байланысты ветери­нар­лық ұйымдардың алдын-ала жұмыс­тарының нәтижесі болып табылады.

Келіссөз нәтижесі бойынша экс­порт­тың ветеринарлық талаптары келісілді. Қазақстан Республикасында өндірілген құс жұмыртқасы Иранға тек осы елдің талаптарына сай белгіленген (әр жұмыртқада өндірілген күні, оралған күні, жарамдылық мерзімі, өндіруші көрсетіледі) жағдайда ғана жеткізілетін болады.

Малды арнайы бордақылау арқы­лы алынған қазақстандық мал еті халық­аралық талаптарға сәйкес 5-6 күн бойы сақталатын болады, бұл өз кезегінде Иран нарығында сұранысқа ие болуға әкеледі.

Экспорттық тасымалды ағымдағы жылдың сәуірінен бастау жоспарланып отыр.

«Егемен-ақпарат»