Қазақстан • 05 Сәуір, 2018

Тауар айналымының көлемі артып келеді

315 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Португалия Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саясат жөніндегі бас директоры Педру Кошта Перейромен кездесті.

Тауар айналымының көлемі артып келеді

Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ын­ты­мақтастықтың ахуалын және перс­пективаларын талқылады, әртүр­лі саладағы шарттық-құқық­тық базаны кеңейту қажет­ті­лігін атап өтті. Өзекті халық­аралық проблемалар бойынша пікір алмасты.

Келіссөздер барысында екі­жақты және көпжақты формат­тағы ынтымақтастықты ұлғай­ту жолдары қарастырылды. Әңгі­мелесушілер екі елдің цифрландыру, жаңғыртылатын энергетика, еуразиялық континенттегі көлік-логистикалық байланыс­тарды дамыту салаларында коо­перация перспективаларын бірауыздан белгіледі.

Сауда-экономикалық өзара іс-қимылды жандандыру мақ­сатында экономикалық, сауда жә­не техникалық ынтымақтастық ту­ра­лы үкіметаралық келісімді жаса­су бойынша жұмысты тездету жө­ніндегі уағдаластыққа қол жет­кі­зілді.

Сонымен қатар ұстанымдарды үйлестіру және қазіргі заманның өзекті проблемаларын шешу үшін ха­лықаралық және өңірлік ұйым­дар шеңберінде өзара іс-қи­мыл, сондай-ақ сыртқы саяси бас­та­маларын өзара қолдау мәсе­лелері сөз болды. Португалия СІМ Бас директоры БҰҰ қауіп­сіздік Кеңесінің шеңберінде Қа­зақ­станның сыртқы саяси бастамаларын қолдады. Лиссабонның елімізге халықаралық аренада қолдау көрсету дайындығын білдірді.

Кездесу барысында еуро­палық тарап қоғамдық өмірдің әртүрлі саладағы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған Қазақстандағы институттық реформаларды іске асыру барысы туралы ақпараттандырылды.

Португал тарапы «Астана» халықаралық қаржы орталығы, IT стартаптар халықаралық тех­но­паркі, сондай-ақ «Жасыл» тех­но­ло­гияларды және инно­вациялық жобаларды дамыту бо­йынша халықаралық орта­лығы ЭКСПО-2017 базасында жобаларды іске асыруға ынты­мақтастыққа шақырылды.

Португалия – Қазақстанның Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық әріптестіктердің бірі. 2017 жыл бойынша екіжақты тауар айналымы 2016 жылмен салыстырғанда 65%-ға артып, 614,4 млн долларға жеткен. Пор­тугал инвестицияларының Қазақ­стан экономикасына салған кө­ле­мі 250 млн долларды құрайды.

Қазақстанда «Saraiva Asso­cia­dos» (архитектуралық жобалау), «SIBS» (банктік қосымшаларды әзірлеу), «RC Europa Stands» (көр­­ме стенділерін жасау) сияқты және басқа португалиялық кәсіп­орындар табысты жұмыс істеуде.

Айта кетейік, П.Перейро бас­таған португалиялық делегация Астанаға Сыртқы істер ми­­нистрінің орынбасары Роман Василенконың төрағалығы­мен өткен Сыртқы істер министр­лік­тері арасындағы консультация­лардың кезекті раундына қа­ты­суға келген болатын.

Әзірлеген Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»