Әлем • 05 Сәуір, 2018

Роботтар қанша жұмыс күшін алмастырады?

1241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында экономистер роботтар­дың қанша адамның орнын басатынын қайта есептеп шықты. Олар­дың айтуынша, жасанды ин­тел­лектінің дамуы адамдардың жұ­мыспен қамтылуына осы күнге де­йін айтылып жүргендей аса қатты әсер ет­пейді екен. Бұл туралы Эконо­ми­ка­лық ынтымақтастық және даму ұ­йы­мының (ЭЫДҰ) есебінде айтылған.

Роботтар қанша жұмыс күшін алмастырады?

Оксфорд университеті 2013 жылы зерттеу жүргізіп, 20 жыл­дың ішінде АҚШ-тағы жұмыс орын­­дарының 47 пайызын, Ұлы­бри­таниядағы жұмыс орындарының 35 пайызын роботтар алмастырады деген болжамын жариялаған болатын. Бірақ ЭЫДҰ өкілдері бұл көрсет­кіш АҚШ-та 10, Ұлыбри­тания­­да 12 пайыздан аспайды деп отыр. Бірақ автоматтандыру көп­теген қызметкерлердің міндеттерін өзгертеді, дейді олар.

«Бұрынғы зерттеулерде авто­мат­тандыруға қатысты мамандық атауын ғана ескеріп, олардың әр қызметте пайдаланылу ерекшеліктеріне мән бермеген. Жаңа зерттеуде осының барлығы ескерілді», дейді ЭЫДҰ мамандары. Олардың айтуынша, болашақта жастарға жұмыс табу қиынға соғатын болады. Себебі жұмыс тәжірибесін енді бастайтын сатыдағы жұмыс орындарының көбі автоматтандырылады. Ұйым жүргізген зерттеу нәтижесінде бел­гілі болғандай, 32 дамыған мем­ле­кет­тегі жұмыс орындарының 14 пайызы жойылады. Нақтылап айтсақ, 66 млн жұмыс орнына роботтар келуі мүмкін. Сонымен қатар жұмыс орындарының 32 пайызы автоматтандыру әсерінен түбегейлі өзгеретін болады.

Дайындаған

Гүлнұр Қуанышбекқызы,

«Егемен Қазақстан»