Парламент • 05 Сәуір, 2018

Депутаттардың Солтүстік Қазақстан облысына сапары жалғасуда

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаторлар Ольга Перепечина мен Ерік Сұлтанов Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын халыққа түсіндіру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысындағы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласының, Возвышенка, Александровка ауылдарында кездесулер өткізді, деп хабарлады Сенатының баспасөз қызметі.

Депутаттардың Солтүстік Қазақстан облысына сапары жалғасуда

Жүздесуге қатысушыларды «7-20-25» жаңа бағдарламасының шарттары қызықтырды. Атап айтқанда, ауылдық жерде тұратындардың тұрғын үйі болса да бағдарламаға қатысуға бола ма, тұрғын үй құрылысына үлестік тұрғыда қатысатын болса несие беріле ме, бағдарлама екінші тұрғын үй алуға  қолданыла ма, жинақталған зейнетақы есебінен алғашқы 20 пайыз жарнаны төлеуге бола ма, деген сауалдар қойылды.

Одан басқа, бес бастамадағы шағын несие беру ауқымын кеңейту, облысты келешекте газдандыру мәселелері де қозғалды.

Ауыл тұрғындары Александров ауылына баратын жолды жөндеуге қаржы бөлу және Возвышенка ауылындағы су құбырының тармақтарын жаңғырту қажеттігін айтты.

Сенатор О.Перепечина «Маслодел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесу барысында техника саласының, IT мамандары жетіспейтіні туралы айтылды. Мәселен, сүт және сүт өнімдерін қораптау желісін іске қосатын білікті мамандарға зәрулік бар екені аталып өтілді. Петропавл қаласындағы облыстық ауруханада болған кезде дәрігерлік жабдықтардың жетіспеушілігі туралы мәселе қозғалды.

Сенаторлар сапар соңында Петропавл қаласындағы жаңадан салынып жатқан құрылыстарда – Солнечный-2 шағын ауданы мен Оқушылар сарайының құрылысында болды.