Парламент • 06 Сәуір, 2018

Тоқаев міндетті сақтандыруды енгізуде бұрынғы сәтсіз тәжірибені естен шығармауды ескертті

210 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін парламенттік тыңдау барысында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтауға бөлінетін қаржыны тиімді пайдалану мәселесіне назар аударды.

Тоқаев міндетті сақтандыруды енгізуде бұрынғы сәтсіз тәжірибені естен шығармауды ескертті

«Елбасы медициналық сақтандыруға өту бойынша дайындық жұмыстарын мұқият өткізуді тапсырды. Естеріңізде болса, міндетті медициналық сақтандыру сәтсіз енгізілген кездер болған. Ендігі кезекте бұл жұмыстың тиісті деңгейде орындалуын қамтамасыз ету қажет. Алдағы уақытта тыңғылықты дайындалып, туындауы мүмкін тәуекелдерге жол бермеу керек. Бұл ретте салаға бөлінетін қаржыны тиімді пайдаланудың маңызы орасан зор», - деп тоқталды Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттағы «Үздік денсаулық сақтау ісі - дені сау ұлт» тақырыбындағы парламенттік тыңдауда. Сенат төрағасының пайымынша, жұмыс тиісті деңгейде және тиімді атқарылған жағдайда ғана денсаулық сақтау саласына тартылған мемлекеттік инвестициялар өзін-өзі ақтайтын болады.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ және Дүниежүзілік банк мәліметтеріне сүйене отырып, Bloomberg агенттігі жасаған рейтингке сәйкес, әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі үздік болып табылатын мемлекеттердің (Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея, Испания) бұл саланы қаржыландыру деңгейі ең жоғары деп айтуға келмейді. Осы елдер ресурсты тиімді бөлу нәтижесінде әлдеқайда оңтайлы көрсеткіштерге қол жеткізуге болатындығын дәлелдеп отыр», - деді ол. Айта кетейік, парламенттік тыңдау барысында Қ. Тоқаев Үкімет денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің материалдық жағдайын жақсарту бойынша тиісті шаралар қабылдауы қажет екенін атап өтті.  «Үкімет денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің материалдық жағдайын жақсарту бойынша тиісті шаралар қабылдауы қажет. Мемлекет басшысының жуырдағы үндеуінде айтылған ауқымды әлеуметтік жобаларды оңтайлы жүзеге асыру - азаматтардың, соның ішінде медицина қызметкерлерінің де тұрмыс жағдайын жақсартары анық», - деді ол.

«Елбасы медициналық сақтандыруға өту бойынша дайындық жұмыстарын мұқият өткізуді тапсырды. Естеріңізде болса, міндетті медициналық сақтандыру сәтсіз енгізілген кездер болған. Ендігі кезекте бұл жұмыстың тиісті деңгейде орындалуын қамтамасыз ету қажет. Алдағы уақытта тыңғылықты дайындалып, туындауы мүмкін тәуекелдерге жол бермеу керек. Бұл ретте салаға бөлінетін қаржыны тиімді пайдаланудың маңызы орасан зор», - деп тоқталды Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттағы «Үздік денсаулық сақтау ісі - дені сау ұлт» тақырыбындағы парламенттік тыңдауда. Сенат төрағасының пайымынша, жұмыс тиісті деңгейде және тиімді атқарылған жағдайда ғана денсаулық сақтау саласына тартылған мемлекеттік инвестициялар өзін-өзі ақтайтын болады.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ және Дүниежүзілік банк мәліметтеріне сүйене отырып, Bloomberg агенттігі жасаған рейтингке сәйкес, әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі үздік болып табылатын мемлекеттердің (Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея, Испания) бұл саланы қаржыландыру деңгейі ең жоғары деп айтуға келмейді. Осы елдер ресурсты тиімді бөлу нәтижесінде әлдеқайда оңтайлы көрсеткіштерге қол жеткізуге болатындығын дәлелдеп отыр», - деді ол.