Венада Қазақстан мен Австрия Тұрақты өкілдерінің қатысуымен семинар өтті

Қазақстан және Австрияның Тұрақты Өкілдіктері Венадағы Тұрақты Өкілдердің, халықаралық ұйымдардың басшылығының және сарапшылық қауымдастықтың қатысуымен семинар өткізді.

Егемен Қазақстан
06.04.2018 17403

2018 жылғы 23 сәуір – 4 мамыр аралығында Женева қаласында өтетін Ядролық қаруды тараптау туралы шартының (бұдан әрі – ЯҚТШ) 2020 жылғы Шолу конференциясына Дайындық комитетінің екінші отырысына дайындық мақсатында Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігі Австрияның Тұрақты Өкілдігімен бірлесіп БҰҰ Венадағы бөлімшесінде ЯҚТШ шолу циклі мәселелеріне арналған семинар ұйымдастырды.

Белгілі халықаралық сарапшы, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты Ұйымының (ЯСЖТШҰ) консультанты, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) Бас директорының бұрыңғы арнайы кеңесшісі Тарық Рауф негізгі баяндамашылардың біреуі болып семинардың жүргізушісі ретінде қатысты. Сондай-ақ, ЯҚТШ Шолу конференциясына Дайындық комитетінің екінші отырысының төрағасы Адам Бугайски баяндама жасады.

Аустрияның, Аргентинаның, Мысырдың, Еуропа одағының, Қазақстанның, Мексиканың, Нидерландтың, Ресейдің, Францияның Швейцарияның, Жапонияның тұрақты өкілдері және АЭХА мен ЯСЖТШҰ жоғары қызметтегі өкілдері семинардың баяндамашылар ретінде қатысты. Талқыланған мәселелер қатарында ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау, бейбіт мақсатта атом энергиясын пайдалану, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Бірлескен Кешенді іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру перспективалары, Таяу Шығыстағы жаппай қырып-жою қаруынан босатылған аймақты құру, сондай-ақ Корей түбегінің ядролық қарусыздану мүмкіндігі болды.

Өз сөзінде Қайрат Сарыбай Қазақстанның жаһандық ядролық қарусыздану мен таратпау режимін күшейтуіне бағытталған үлесін, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды бастамаларын, соның ішінде Семей сынақ полигонын жабылуын, Орталық Азияда ядролық қарусыз аумағын құруын, БҰҰ Бас Ассамблеясының Ядролық қарусыз әлемге жету бойынша жалпыға бірдей декларациясы туралы қарарын қабылдауын, «АТОМ» жобасын, Манифест «Әлем. XXI ғасыр», ҚР-да АЭХА Төмен байытылған уран банкін құруын және ү.ж. 18 қаңтардағы Елбасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде жаппай жою қаруын таратпау және сенім шараларын күшейту мәселелері бойынша тақырыптық брифинг нәтижесінде баяндамасын атап өтті.

Қазақстан мен Австрия ұйымдастырған семинар Венадағы дипломатиялық қоғамдастық пен халықаралық ұйымдардың назарын кеңінен тартты. Қызу және қызықты пікірталас барысында қатысушылар ядролық қарусыздану, таратпау және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, Дайындық комитеті және алдағы 2020 ЯҚТШ Шолу конференциясының алдағы отырыстар жайында болжал және ЯҚТШ Шолу циклының болашағы туралы бағалаулар мен болжамдар білдірді.

Жалпы алғанда, өткен семинар ағымдағы жылы БҰҰ-ның Вена алаңындағы негізгі уақиғалардың бірі болып табылды.

ЯҚТШ-на 1968 жылы қол қойылып, 1970 жылы күшіне еніп, 1995 жылы белгісіз мерзімге ұзартылды. Шарт ядролық таратпау жаһандық режимінің іргетасы саналып, ядролық қарусыздануға жету жолындағы маңызды негіз болып табылады. ЯҚТШ-ның Шолу конференциялары БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде бес жылда бір рет өткізіледі, келесі конференция 2020 жылы өткізіледі. Шолу конференциясы алдында Дайындық комитетінің отырысы өтеді. Келесі отырыс 23 сәуір - 4 мамыр аралығында Женевада өткізіледі.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.04.2018

Астанадағы сенбілікке 140 мыңнан астам қалалық қатысты

22.04.2018

Қостанайда мемлекеттік қызмет аллеясы болады

22.04.2018

Мақтарал аудандарында абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр

22.04.2018

Қостанайда болашақ жаңа қаланы дамыту ісі қаралды

22.04.2018

Оралда өрт қауіпсіздігін сақтамаған ойын-сауық және сауда орталығы бір айға жабылды

22.04.2018

Қостанай облысында 21-ші цифрлы  технологиялық IT кабинет ашылды

20.04.2018

«Smart Zholy» бағдарламасының үздік стартап жобалары анықталды

20.04.2018

23-26 мамыр күндері Астанада «KADEX - 2018» көрмесі өтеді

20.04.2018

Денсаулық сақтау министрі Орал қаласында

20.04.2018

Заңнамаға архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер қаралды

20.04.2018

Дубайдағы инвестициялық кездесуде ОҚО-ның инвестициялық өсу драйвері зерттелді

20.04.2018

Ақтөбеде зиянды қалдықтар тасқыны толастар емес

20.04.2018

ТҮРКСОЙ Шыңғыс Айтматов жылын ашты

20.04.2018

Арсен Венгер «Арсеналдан» кететін болды

20.04.2018

Алматы облысында тау жыныстарының қозғалуы тіркелді

20.04.2018

Петропавлда спорт колледжі ашылады

20.04.2018

Алматыда Парламент Мәжілісінің депутаттары жатақханаларды аралады

20.04.2018

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

20.04.2018

Солтүстік Қазақстанның жас суретшілері халықаралық байқауда топ жарды

20.04.2018

Оңтүстікте ХҚКО арқылы 10 миллионнан астам қызмет көрсетілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Кісілік әліппесі

Жер бетінде сонау да сонау көз жеткісіз, көңіл сенгісіз небір ықылымдардан бері жасап келе жатқан заты адам баласының ең зарлы мақсаты не десе, ол – адам болу дер едік. Түр-сипатыңмен, тәніңмен ғана емес, жаныңмен, алпыс екі тамырыңдағы қаныңмен, бүкіл болмыс-бітіміңмен. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Ауылдарды сақтаудың амалы қайсы?

Ауыл халқы азайып барады. Неге? Ешкім­ге ештеңенің керегі жоқ болып кеткен бүгінгідей заманда ол жағын ойлап бас қатырып жатқан да бірде-бір жан жоқ. Бар айтатын уәждері – урбанизация. Бір есептен ол да дұрыс шығар. Қалаларға қарай жа­қындаса ауыл қазақтары да өркениетті өмір­ге араласады, өзгелермен бірге қазіргі за­ман­­ның игіліктеріне ортақтасады. Бірақ... 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Қайырымдылық көмектің қайыры болады

Табиғат апатына немесе соғыс, қарулы қақтығыс салдарынан күйзеліске ұшырап, аштыққа, босқыншылыққа тап болған елдерге қайырымдылық көмек көрсету – халықаралық қоғамдастықтың игі шарала­ры­ның бірі. БҰҰ-ның Халықаралық соты ондай көмектердің азық-түлік, киім, дәрі-дәрмек түрінде болуын, қару-жарақ түрінде берілмеуін қатаң бекіткен.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тағам сыры: аурудың алдын алу мүмкін бе?

«Ас – адамның арқауы» деп кішкен­тай­ымнан естіп өскен адам ретінде, та­мақ жемесе адамның күші болмайды, жұ­мыс істеуге, өмір сүруге энергиясы жетпейді деп ойлайтынмын.  Бірақ ас­тың да асы бар, оның пайдасы мен зияны туралы шы­найы да, өтірік те, ойдан құрас­ты­рыл­ған да әңгімелерді көп естіп, кейде білмегендіктен сеніп те қалып жүреміз.

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматы: Шағын ауданның астарлы ақиқаты

Алматыда аты жоқ, бірақ, нөмір­­­лен­­ген 12 шағын аудан бар. Шын­туай­­тында, олар 12 емес, барлығын қос­­қанда – 13. Қала сәулетіне билік жүр­гізуші партия қызметкерлері, сірә, жобалау үстінде «шайтанның 12-сін» сес­ көрген-ау, ақырғы шағын ауданды – 10 «А» деп белгілепті. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу