Теннис • 07 Сәуір, 2018

Александр Недовесов: Бірінші сетте қарсылас көп мүмкіндік берді

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Недовесов/Хабибуллин - Додиг/Мектич арасындағы ойыннан кейін баспасөз мәслихаты өтті. Тілшілер сауалына Александр Недовесов, Тимур Хабибуллин және құрама капитаны Диас Досқараев жауап берді. 

Александр Недовесов: Бірінші сетте қарсылас көп мүмкіндік берді

Александр Недовесов: - Кездесудің басында қарсыластар көп қателесті. Олар бізге ойнауға мүмкіндік беріп қойды. Біз соны пайдаландық. Соның арқасында тай-брэйкті жеңдік. Ал екінші сетте олардың беріп тұрған мүмкіндігін пайдалана алмадық. 

Тимур Хабибуллин: - Қарсыласымыз әлемдік рейтингте 33 орында тұрған спортшылар. Олар талай турнирлерде жүлде алған мықтылар. Тіс қаққан спортшыларға қарсы ойнау оңай емес. 

Диас Досқараев: - Кейбір тұстарда соққылар діттеген жеріне жетпей жатты. Одан кейін, таза алып тұрған ұпайларды беріп қойдық. Міне, сондай кішкене қателіктер барлық ойынға әсерін берді. Енді ертеңгі ойында Кукушкинге сенім артамыз. Ол Марин Чиличке қарсы шығады. 

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51