Депутаттар Бес бастама жөнінде халыққа кеңінен ақпарат берді

Елбасы Н.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы халықтың қызығушылығын оятып, баянды істердің бастауына айналып отыр. Парламент депутаттары осы оң өзгерістерді түсіндіру мақсатында өңірлердегі сайлаушыларымен мәнді кездесулер өткізді.

Егемен Қазақстан
09.04.2018 2493

 

Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Георгий Ким Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы және жеке құрамымен кездесті. Сенатор полиция қызметкерлеріне Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру тетіктері жайында ақпарат берді. Сонымен қатар Сенаттың заң шығару қызметінен хабардар етті.

Осы орайда облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Мергенбай Жаппаров Президенттік бастамаларда көтерілген жеңілдетілген ипотекалық несиелер ішкі істер органдары қызметкерлері үшін айтулы жаңалық болғандығын атап өтті. Өйткені полицейлер арасында баспанаға зәру қызметкерлер жеткілікті.

Сондай-ақ сенаторлар Георгий Ким, Сәуле Айтпаева және Дулат Құсдәулетов облыстың Осакаров ауданында болып, жергілікті активпен, аудандық мәслихат депутаттарымен, прокуратура, сот және өзге де құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті.

* * *

Алматыда сенаторлар Динар Нөкетаева мен Нұржан Нұрсипатов «Қазақстан теміржолы» акционерлік қоғамының локомотив депосы мен басқа да бөлімшелері қызметкерлерінің алдында әр отбасына тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері, еңбекақысы төмен адамдар үшін салық ауыртпалығының азайтылуы, сондай-ақ жоғары білім алудағы жеңілдіктер мен студенттік жатақханалардың салынуына байланысты кеңінен әңгімелеп берді.

Депутат Н.Нұрсипатов теміржолшыларды шағын несие беру көлемінің артуы мен еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз етудің келешегі жайында хабардар етті. Кездесуге Мәжіліс депутаты Шаймардан Нұрымов та қатысты.

* * *

Сенат депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде болды.

Қазір бұл оқу орнындағы 2400 оқушының басым бөлігі шалғай ауылдардан келіп оқиды. Сондықтан олар үшін бас­пана мәселесі маңызды болғандықтан, Президенттің бастамасына сай жатақхана салу жоспарланып отыр.

– Біз Елбасының бес әлеуметтік бастамасын іске асыруға бар күш-жігерімізді салуымыз керек. Сол кезде бұл мәселе толықтай шешіледі деп сенемін, – деді Н.Төреғалиев.

Сенаторлар елімізде білікті мамандарға сұраныс жоғары екенін, сондықтан мемлекет тарапынан жастарға қосымша гранттар бөлінетінін айтты.

* * *

Парламент Сенатының депутаты Сергей Ершов Теміртау жоғары политехникалық колледжі студенттерімен және оқытушыларымен кездесті.

Ол студенттерге Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасының мән-маңызын жан-жақты түсіндіріп, қойылған сауалдарға жауап берді.

Шараға қатысушылар колледж түлектерін жұмысқа орналастыру, қажет мамандар деректері енгізілетін бірыңғай база құру, оқытушылардың біліктілік дәрежелеріне және тәжірибелік жұмыстарына қосымша ақы төлеу мәселелеріне де назар аударды. Студенттер мен мұғалімдер Теміртау қаласының экологиясына байланысты өзекті мәселелерге алаңдаушылық білдірді.

Сенатор бұл мәселені шешу үшін жұмыс тобын құруды ұсынды.

* * *

Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракция­сы­ның мүшелері Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс са­пары аясында Аққайың, Қызылжар және Мамлют аудан­д­а­рына барды. Халықпен кездесулерде мәжілісмендер Президенттің бес әлеуметтік бастамалары туралы айтып, ауыл тұрғындарының сауалдарына жауап берді, сондай-ақ бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Атап айтқанда, Айзада Құрманова және Айгүл Нұркина Қызылжар ауданына сапары барысында «Зенченко және К» коммандиттік серіктестігінің ұжымымен кездесті. Кәсіпорын ет және сүт өнімдерін өндіруге және сатуға ма­ман­­данған әрі асыл тұқымды мал шаруашылығымен де ай­налысады.

Ал Мамлют ауданы Воскресеновка селосында депутаттар Светлана Бычкова және Жәмилә Нұрманбетова ауданның бірқатар шағын жинақты мектептерін біріктіретін ре­сурстық орталыққа барды, сондай-ақ педагогикалық ұжы­мымен кездесіп, білім беруді дамыту және бес әлеу­меттік бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар кездесуге қатысушылар қосымша бөлінетін гранттар есебінен білім берудің сапасын жақсарту жайына да тоқталды. Бұдан басқа, елімізде салынатын 75 мың орындық жатақхананың 2300-і Солтүстік Қазақстан облысында бой көтеретіндігі белгілі болды.

Аққайың ауданында депутаттар Қанат Мусин мен Александр Суслов жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен шағын несиелендіру мәселелерін тал­қылады. Кездесуде олар ауыл кәсіпкерлігін дамытудың ма­ңыздылығы туралы айтты. Сондай-ақ Қиялы аграрлық колледжінің жұмысымен танысты.

* * *

Ал Мәжіліс депутаттары Бақытгүл Хаменова, Ирина Унжакова, Тарас Хитуов пен Геннадий Шиповских Маңғыстау ауданының Шетпе кентінде орналасқан «Каспий Цемент» зауыты ұжымымен кездесті. Бұл зауыт неміс технологиясы бойынша «Хайдельберг» маркасымен цемент шығарады. Ол – өндіріс кезінде құрғақ бор пайдаланатын әлемдегі алғашқы зауыттардың бірі. Өндірістік қуаты жылына 800 мың тоннаны құрайды. «Каспий Цемент» зауыты аймақтың экономикалық дамуына үлкен үлес қосып келеді. Жергілікті тұрғындардың 60 пайызы осында жұмыс істейді.

Кездесуде жұмысшылар депутаттарға өздерін толған­дырған сұрақтарды қойып, пікір алмасты.

* * *

Мәжілістегі «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Тұрғын Сыздықов Астана қаласында ІІМ төтенше жағдайлар департаменті ұжымымен кездесті.

Депутат өрт сөндіру бөлімінің қазіргі тыныс-тіршілігімен танысып, заманауи техникалық қондырғыларға назар аударды. Құрылымның жеке құрамымен кездесу барысында Елбасының бес әлеуметтік бастама әңгімеге арқау бол­ды.

Сонымен қатар техникалық жарақтандыру мен қыз­мет­керлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту тақырыбы да назардан тыс қалмады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.04.2018

Петропавлда салымшыларға 97 мың шаршы метр үй салынады

23.04.2018

Полицей жала жабамын деп бостандығынан айырылды

23.04.2018

Қызылорда облысындағы кәсіпкерлер палатасының мамандары дихандарға тегін кеңес береді

23.04.2018

«Алтын микрофонның» гран-приі Болгарияға кетті

23.04.2018

Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

23.04.2018

Қызылордада IT-парк ашылады

23.04.2018

Добын ауылының тұрғындары тасқын судың астында қалуы мүмкін

23.04.2018

Көпір құрылысына қосымша қаржы қажет

23.04.2018

Лифтілер қызметі қатаң бақылануы тиіс

23.04.2018

Қалдықтарды кәдеге жарату – ауқымды міндет

23.04.2018

Уақытпен үндескен туынды

23.04.2018

Күміс сырын зерттеген Айзада

23.04.2018

Сарайшықтың сыры көп ашылмаған...

23.04.2018

Елордада бес мыңнан аса көшет отырғызылды

23.04.2018

Күйші Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» атты шығармашылық кеші өтті

23.04.2018

Өске­мендегі облыстық Ана мен бала орталығы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылады

23.04.2018

Кәсіпкер Бексейіт Сәрсекбаев

23.04.2018

Жаһан жаңалықтары. Нурмагомедов пен МакГрегор жұдырықтасуы мүмкін

23.04.2018

Станимир Стойлов: Әзербайжан құрамасын бекер таңдаған жоқпыз

23.04.2018

Ломаченконың жеңісті жолы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Тажалға қарсы табанды күрес керек

Ашығын айту керек, есірткі мәселесі біздің елде өте күрделі. Ол небір отба­сының шаңырағын шайқалтып, айық­пас кеселге ұшыратып жатыр. Сондықтан да Елбасы «Таразының бір басында оны әкеліп, тарататын адамның өмірі тұрса, екінші басында соның  «көмегімен» қор болған есірткі тұтынушылардың ғұмыры тұр» деді.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Оқшауланудан – интеграциялануға

Алдымен мына мәселеге назар аударайық. Өткен жылы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан, Түрікменстан және Қырғызстан елдерінде сапарда болды. Биылғы жылдың наурызында ол Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барды. Душанбе халықаралық әуежайында Ш.Мирзиёевті Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның өзі қарсы алды.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Кісілік әліппесі

Жер бетінде сонау да сонау көз жеткісіз, көңіл сенгісіз небір ықылымдардан бері жасап келе жатқан заты адам баласының ең зарлы мақсаты не десе, ол – адам болу дер едік. Түр-сипатыңмен, тәніңмен ғана емес, жаныңмен, алпыс екі тамырыңдағы қаныңмен, бүкіл болмыс-бітіміңмен. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Ауылдарды сақтаудың амалы қайсы?

Ауыл халқы азайып барады. Неге? Ешкім­ге ештеңенің керегі жоқ болып кеткен бүгінгідей заманда ол жағын ойлап бас қатырып жатқан да бірде-бір жан жоқ. Бар айтатын уәждері – урбанизация. Бір есептен ол да дұрыс шығар. Қалаларға қарай жа­қындаса ауыл қазақтары да өркениетті өмір­ге араласады, өзгелермен бірге қазіргі за­ман­­ның игіліктеріне ортақтасады. Бірақ... 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Қайырымдылық көмектің қайыры болады

Табиғат апатына немесе соғыс, қарулы қақтығыс салдарынан күйзеліске ұшырап, аштыққа, босқыншылыққа тап болған елдерге қайырымдылық көмек көрсету – халықаралық қоғамдастықтың игі шарала­ры­ның бірі. БҰҰ-ның Халықаралық соты ондай көмектердің азық-түлік, киім, дәрі-дәрмек түрінде болуын, қару-жарақ түрінде берілмеуін қатаң бекіткен.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу