Елбасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті қабылдады

Кездесуде Мемлекет басшысына Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
09.04.2018 2479

Нұрсұлтан Назарбаев білім беру жүйесі еліміздегі саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру ісінде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

– Біз іске асырып жатқан барлық бағдарламалық құжаттарда, соның ішінде Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы жолдау мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасында, сондай-ақ цифрландыру барысында білім беру ісіне зор мән берілген. Мектептегі білім берудің сапасы осы бастамалардың табысты жүзеге асырылуының кепілі болып саналады, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалардың уақтылы жүргізіліп жатқанын айтып, жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқытуға көшу үдерісіне ерекше тоқталды.

– Пәндерді ағылшын тілінде оқыту жоғары сынып оқушылары арасында жүргізіледі. Балаларға ағылшын тілін қазір үйретпесек, келешекте олардан кәсіби мамандар даярлай алмаймыз. Бұл – уақыт талабы. Ата-аналар мұны дұрыс түсінуге тиіс. Бұл ретте, қазақ тілін оқытуды да ұмытпауымыз керек, – деді Елбасы.

Кездесуде Білім және ғылым министрі мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында министрлік алдына қойылған міндеттердің орындалу барысы жөнінде мәлімдеді.

Е.Сағадиев мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстың аралық нәтижелері жөнінде баяндады.

– 2018 жылы мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіші 95 пайызға жетеді. Негізінен, бұл жеке балабақшалар құрылысының есебінен жүргізіліп отыр. 2019 жылдан бастап ерте жетілудің бірыңғай стандарттары енгізіледі. Сондай-ақ, балабақша кезегіне мобильдік құрылғыларды қолдану арқылы да тұруға болатынын айтып өткен жөн, – деді Білім және ғылым министрі.

Сонымен бірге, Е.Сағадиев Қазақстан Президентіне мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңа мазмұнға көшірудің нәтижелері жөнінде айтты.

Білім және ғылым министрі жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін мұғалімдер даярлау барысы жөнінде мәлімдеді.

– 2016 жылы ағылшын тілінде 2 мың ғана мұғалім сабақ берген болатын. Былтыр 11,5 мың мұғалім тиісті ағылшын курсынан өтуге өтініш білдіріп, олардың 3 мыңға жуығы даярлығын аяқтап, сабақ беруге кірісті. 8 мың мұғалім оқуын жалғастырып, қажетті деңгейге ауысуда. Осылайша, 2019 жылы 13,5 мың мұғалім төрт пәнді ағылшын тілінде беруді бастайды, – деді Е.Сағадиев.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.04.2018

Сенат комитетінде Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасындағы келісім қаралды

19.04.2018

Қырғызстан президенті Үкіметті отставкаға жіберді

19.04.2018

БҚО Астананың мерейтойына Мәншүк Мәметованың ескерткішін сыйға тартады

19.04.2018

Студенттер «Әміре» фильмін тамашалады

19.04.2018

Алматыда 157 көше көріктене түседі

19.04.2018

Батыс Қазақстанда Ассамблеяның бастамасымен «National bookdating» акциясы өтті

19.04.2018

«Самұрық-Энергоның» І-тоқсандағы операциялық табысы 33%-ға өсті 

19.04.2018

ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрайымы тағайындалды

19.04.2018

Сеулде Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі Оңтүстік Кореяның кәсіпкерлерімен келіссөздер жүргізілді

19.04.2018

Мақтаралдықтар алғашқы 20 тонна қырыққабатты Атырау қаласына жөнелтті

19.04.2018

 «Қазақфильмнің» қысқа метрлі фильмдері Канн кинофестивалінде көрсетіледі

19.04.2018

Қостанай облысында  бала туу саны қысқарған

19.04.2018

Қостанай облысында 275 дәрігер жетпейді

19.04.2018

Павлодарда «Туған жерге тағзым»  мерекесі өтті

19.04.2018

Елдің намысы (ғибратнама)

19.04.2018

Атырау театры – Алматыда

19.04.2018

Көзмерген карикатурашы Айдарбек Ғазизұлы

19.04.2018

«Альпі Туры» велокөпкүндігінде «Астана» велокомандасы жеңіске жетті

19.04.2018

«Интер» алаңға ерекше жейдемен шығады

19.04.2018

Гассиев-Усик жекпе-жегі кейінге шегерілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Қайырымдылық көмектің қайыры болады

Табиғат апатына немесе соғыс, қарулы қақтығыс салдарынан күйзеліске ұшырап, аштыққа, босқыншылыққа тап болған елдерге қайырымдылық көмек көрсету – халықаралық қоғамдастықтың игі шарала­ры­ның бірі. БҰҰ-ның Халықаралық соты ондай көмектердің азық-түлік, киім, дәрі-дәрмек түрінде болуын, қару-жарақ түрінде берілмеуін қатаң бекіткен.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тағам сыры: аурудың алдын алу мүмкін бе?

«Ас – адамның арқауы» деп кішкен­тай­ымнан естіп өскен адам ретінде, та­мақ жемесе адамның күші болмайды, жұ­мыс істеуге, өмір сүруге энергиясы жетпейді деп ойлайтынмын.  Бірақ ас­тың да асы бар, оның пайдасы мен зияны туралы шы­найы да, өтірік те, ойдан құрас­ты­рыл­ған да әңгімелерді көп естіп, кейде білмегендіктен сеніп те қалып жүреміз.

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматы: Шағын ауданның астарлы ақиқаты

Алматыда аты жоқ, бірақ, нөмір­­­лен­­ген 12 шағын аудан бар. Шын­туай­­тында, олар 12 емес, барлығын қос­­қанда – 13. Қала сәулетіне билік жүр­гізуші партия қызметкерлері, сірә, жобалау үстінде «шайтанның 12-сін» сес­ көрген-ау, ақырғы шағын ауданды – 10 «А» деп белгілепті. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Жаны ауырғанның жанын ұқсақ қой

Адам үшін денсаулықтан артық не бар?! Басың ауырып, балтырың сыздаған күні қу жаның қуырдақ болады. Емханаға барасың. Мөнді-мөнді болып дәрігердің алдында отырасың. Кейде сол дәрігерге жетудің өзі мұң.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Орта тап пен ұлттық код

Қазақ қоғамында ата, ру, жүз дегендердің билер құрылымы өміршең сипат алып отыр дегенге қанша сенбейін десең де, кейбір шаршы топтың алдын кеше туған баланың үйіріп әкетіп тұрғанын көресің. Ата көрген жол біліп, сөз қадіріне жететін кәріқұлаққа айналатын да түбі сондайлар. Ұлттық, ұстанымның бас­тау көзі әйтсе де томаға-тұйық ахуалдан биік тұрмаса – жалпыадам­зат үйлесіміне кірігу қиынға соғатынын аң­дайсың.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу