Аймақтар • 09 Сәуір, 2018

Облыстық қаржы басқармасы Маңғыстаудағы жекешелендіру бойынша есеп берді

360 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Аймақтағы жекешелендіруді жүргізу барысы және 2018 жылдың бірінші тоқсанында жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін іске асыру туралы  Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының басшысы Марина Әлібекова мәлімдеді.

Облыстық қаржы басқармасы Маңғыстаудағы жекешелендіру бойынша есеп берді

Айтуынша, жекешелендірудің 2017-2018 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес  облыс бойынша жекешелендіруге 20 нысан қарастырылған. 2017 жылы жекешелендіруге барлығы 15 нысан жоспарланды, оның ішінде 7 нысан жүзеге асырылды. 25,9 млн.т. 2 нысан  сатылып, сенімгерлік басқаруға 2 нысан берілсе, тарату туралы шешім қабылдануына байланысты 3 нысан сауда-саттықтан алынған. Қалған 8 нысан бойынша қатысушылардың болмауына байланысты сауда-саттық нәтижелері өтпеді деп танылыпты. 2018 жылы жоғарыда көрсетілген 8 нысанды есепке алумен Кешенді жоспарын толық жүзеге асыру үшін, жекешелендіруге 13 нысан жатады.

– Жекешелендіру объектілерінің сату мерзімдерін қайта қарау бойынша Үкімет тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімдігімен сату кестесі мен «Жол карталары» қайта бекітілді, онда 5 нысан кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беруге, 3 нысан  аукцион арқылы сатуға,  1 нысан басымдықпен сатып алу құқығымен сатуға, сондай-ақ  4 нысан экономика орындылығы мақсатында таратуға жатады, – деді Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының басшысы Марина Әлібекова.

2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыстың жергілікті бюджетінің кірісі 36,2 млрд. теңгені немесе есепті кезеңнің жоспарына 117,9% құраса, кіріс жоспары барлық аудандар мен қалаларда толығымен орындалған. Сондай-ақ, бөлімдер бойынша кірістердің өсуінің негізгі үлесі салық түсімдерімен есепке алынып, бұл жалпы табыстың 75,5% құраған.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»                                                                 

Маңғыстау облысы