Қазақстан • 10 Сәуір, 2018

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жаңа хатшы сайланды

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жаңа хатшы сайланды.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жаңа хатшы сайланды

«Бүгінгі кеңейтілген отырыста комитет хатшысын сайлаймыз. Өздеріңіз білесіздер, Дархан Кәлетаев Үкіметке үлкен жауапты қызметке барды. Осы орайда енді Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Төлеубек Мұқашевты хатшы ретіндегі кандидатурасын ұсынып отырмын», - деп тоқталды аталған комитеттің төрайымы Дариға Назарбаева.

Өз кезегінде комитет құрамындағы сенаторлар бұл ұсынысқа бірауыздан қолдау білдіріп, Төлеубек Төлеуұлы Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы болып бекітілді.

«Біздің комитеттегі азаматтар не зейнеткерлікке шығады немесе өседі»,-деп қосты Дариға Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Елбасының Жарлығымен Дархан Кәлетаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды.