Медицина • 11 Сәуір, 2018

Мектеп бітіруші-2018: Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша эссе тақырыптары

19992 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

2018 жылғы мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауына арналған қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша эссе тақырыптары

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша тақырыптар:
1. Махамбет жырларында Исатай бей­не­сін сомдау­дағы ақынның тіл шебер­лі­гін мысалдар арқылы талдап жазыңыз.
2. Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романын­дағы Қайрош бейнесін берудегі автор шеберлігін сипаттап жазыңыз.
3. Жамбылдың «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі мен Абайдың Әбішке арна­ған өлең­дерінің жазылу стилі мен маз­м­ұ­­ны­нд­а­ғы үндестікті салыстыра талдап жа­­зыңыз.
4. А.Байтұрсынов пен Абай аудар­ма­ла­рының арасындағы үндестікті дәлелдеп жазыңыз.
5. С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» рома­нын­да­ғы Әжібайға тән қасиеттерді қазіргі жастардың бойын­дағы мінез-құлық, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.
6. С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэма­сын-
д­а­ғы Адақ пен М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэ­масындағы Баян бейнесін салыстыра талдап жа­зыңыз.
7. Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» рома­нындағы адамдар арасындағы тар­тыс­тың әлеуметтік тартысқа ұласуын дәлелдеп жазыңыз.
8. Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трило­гиясындағы кейіпкерлердің мінезін сомдаудағы ерек­шеліктерін талдап жазы­ңыз.
9. Ә.Кекілбаевтың «Үркер» романын­дағы Әбілқайыр тұлғасын сомдаудағы су­рет­керлік ерек­ше­ліктерін талдап жазы­ңыз.
10. О.Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі реализм мен романтизмнің астасып келуін дәлелдеп жазыңыз.
11. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпо­пеясындағы Абайға берілген әке тәр­биесінің негізінде жатқан тұлғалық қа­си­еттерді дәлелдеп жазыңыз.
12. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» рома­нын­дағы Ақбілек басынан өткен жайлар бү­кіл халықтық траге­дия­ның көрінісі екенін дә­лелдеп жазыңыз.
13. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэма­сы­на арқау болған тарихи оқиғаларды дә­лелдер келтіре талдап жазыңыз.
14. Зар заман ақындарының шығар­ма­ла­рына арқау бол­ған мәселелерді жинақтап, дәлелдер арқылы тұжы­рым­дап жазыңыз.
15. Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өле­ңі­ндегі замана келбетін сипаттап жа­зы­ңыз.
16. Сүйінбай Аронұлының қазақ, қыр­ғыз еліне өткір тілмен, озық оймен таныл­ған­дығын мысалдар келтіре отырып, дә­лел­деп жазыңыз.
17. «Таныстыру» поэмасының желісі арқылы Сұлтанмахмұттың қазақтың оқы­ған зиялылары туралы көзқарасын дәлел­дер арқылы талдап жазыңыз.
18. М. Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңі мен С. Сейфуллиннің «Сағындым» өлеңін салыстыра талдаңыз.
19. Ә. Тәжібаевтың «Портреттер» поэ­ма­сын­дағы өмір, уақыт, жаңа адам тура­лы философиялық толға­ны­сын талдап жа­зыңыз.
20. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» поэмасы мен батырлар жырындағы өзара үн­дестікті салыс-
тыра талдап жазыңыз.
21. С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Ама­най­­дың елге жетуіне күмән туды­руы­ның себеп­терін талдап жазыңыз.
22. Махамбет поэзиясындағы арман, ті­лек, аңсау сарындарын мысалдар арқылы дә­лелдеп жазыңыз.
23. «Жамбыл мен Құлмамбет айты­сы­ның» идеялық-мазмұндық жағынан айтыс­тың ерекше түрі екенін дәлелдеп жазыңыз.
24. Ш. Қанайұлының шығармаларындағы зар заман келбеті мен қазіргі заман келбетін салыстыра талдаңыз.
25. Майлықожаның жыл мезгілдеріне арналған өлең­деріндегі табиғат пен адамзат тіршілігінің бейне­ленуін мысалдар арқылы дәлелдеп жазыңыз.
26. Майлықожа өлеңдерінде көтерілген мә­селелер бүгінгі күні де өзекті болып отыр­­ғанын мысалдар арқылы дәлелдеп жа­зы­ңыз.
27. Ш.Уәлихановтың әдебиетші-ғалым ретінде қазақ ғылымына қосқан үлесін дәлелдер арқылы жазыңыз. 
28. А. Құнанбаевтың қарасөздерінде көтерілген мәселелердің бүгінгі күнмен үндестігін талдап жазыңыз.
29. Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдерін­дегі қыз сипатын талдап жазыңыз.
30. З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесіндегі М.Әуезовтің ұстаздық бейнесін сипаттап жазыңыз.
31. А.Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысалдарының адамдарға үйре­тетін тағылымы туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз.
32. Ыбырай Алтынсариннің балалар әдебиетінің атасы екенін дәлелдер арқылы жазыңыз.
33. Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін­дегі ақынның сұлулыққа деген көзқарасын талдап жазыңыз. 
34. Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэ­­масын трагедиямен аяқтау себебін талдап жа­зыңыз.
35. Қабдеш Жұмаділовтің «Тағ­дыр» романына арқау болған тарихи оқиғаларға тоқталып, дәлелдер келтіре жазыңыз.
36. М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» рома­нын­­дағы қазақ қызының рухани өмірі­не қатысты оқиға­ларды талдап жазыңыз.
37. Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэ­масындағы ұлттық құндылықтарды дәлелдеп жазыңыз. 
38. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз.
39. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер-адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
40. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз. 
41. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз.
42. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэма­сын­дағы адалдық сезімге қатысты өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз.
43. М.Мақатаевтың «Ару-ана» поэмасындағы Құрман ұмтылған бақыттың – бостандық екендігін дәлелдеп жазыңыз.
44. Ұлы Абайдың «Бірінші қарасөзі» мен «Масғұт» дастанының арасындағы үндестікті тауып, талдап жазыңыз.
45. Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идея­лар­дың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
46. Әркім «Бақыт» дегенді әртүрлі түсінеді. «Бақыт» деген не? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
47. «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін...».
48. Астана – асыл мұраттар мекені (Астананың 20 жылдығына орай).
49. Табысты болу - адамның бәсекелестік қабілетінің көрінісі.
50. Ұлттық болмысты сақтау - рухани жаңғы­рудың ең басты шарты.

Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша тақырыптар:
1. М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А.Байтұр­сыновтың «Маса» өлеңіндегі идея үндес­тігін дәлелдеп жазыңыз.
2. Жамбыл шығармалары – халық ауыз әдеби­е-
тінің қайнар көзі екендігін дәлелдеп жазыңыз.
3. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы әлеу­мет­тік-қоғамдық мәселелерді сипаттап жазы­ңыз.
4. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы ХІХ ға­сыр­дағы қазақ өмірінің көркем энциклопедиясы екен­дігін талдап жазыңыз.
5. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы саяси-әлеу­меттік жағдай мен өмір шындығын дәлелдеп жазы­ңыз.
6. С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романын­дағы Қамар мен Ахметтің арасындағы махаббат сезіміне бөгет болған қиыншылықтарды талдап жазыңыз.
7. С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы отбасылық тәрбие мәселесін қазіргі кездегі отба­сын­дағы тәрбиемен салыстыра отырып талдаңыз.
8. Мағжан өлеңдеріндегі азаматтық рух, ағарту­шы­лық-демократтық сарынды талдап жазыңыз.
9. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз дос­қа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сы­ни талдау жасаңыз.
10. Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық халін сипаттап жазыңыз.
11. С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасында Сұлушаш пен Алтай арасындағы ғашықтық сезім арқылы ақынның махаббатқа адалдық туралы ойын талдап жазыңыз. 
12. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы автордың характер жасаудағы шеберлігін Игілік бейнесі арқылы дәлелдеп жазыңыз.
13. Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батырдың ерлік істерін талдап жазыңыз.
14. Ә.Тәжібаевтың «Портреттер» поэмасындағы лирикалық қаһарман тұлғасын талдап жазыңыз.
15. Ж.Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» поэма­сын­дағы рухани құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз.
16. С.Мәуленовтің «Шөңге», «Қаратау» өлең­деріндегі туған жерге деген махаббат сезімін нақты мысалдармен талдап жазыңыз.
17. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соң­ғы парыз» романында Арал теңі­зі экологиясының ел тағдырымен сабақтастығын дәлелдеп жазыңыз.
18. Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор сөздері арқылы батыр бейнесін талдап жазыңыз.
19. З.Қабдоловтың «Жалын» рома­нындағы көз­қарастар қайшылығы мен адамдар арасындағы пси­хо­логиялық тартыстың себептерін талдап жазыңыз.
20. С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» пове­сін­дегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманай­дың елге жетуі­не күмән туды­руы­ның себептерін талдап жазыңыз.
21. Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» рома­нын­дағы: «Бәрі­міз де пендеміз ғой... Бір-бірімізді сөге жамандамай, жақ­сы көңілмен еске алатын болайық» - деген түйін сөз­ге әкел­ген қандай құндылық?
22. О.Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі Қоңқай шал бейнесі арқылы нені меңзей­тінін сипаттап жазыңыз.
23. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» даста­нын­дағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы сипаттап жазыңыз.
24. Махамбет жырлары – асқақ рухтың үні. Ойыңызды нақты дәлелдермен талдап жазыңыз.
25. «Сүйінбай мен Қатағанның айтысындағы» Сүйін­бай қолданған бейнелі сөздер мен әсірелеу­лердің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлеледер арқылы жеткізіп жазыңыз. 
26. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз.
27. Ш.Уәлихановтың зерттеуші-ғалым екенд­і­гін еңбектері арқылы дәлелдеп жазыңыз.
28. Ы.Алтынсарин әңгімелері – тәрбиенің қайнар көзі екендігін дәлелдеп жазыңыз.
29. Абайдың «Құлақтан кіріп, бойды алар», «Өлең – сөздің патшасы» өлеңдеріндегі үйлесім тапқан ән мен өлең құдіретін талдап жазыңыз.
30. А.Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
31. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэма­сындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз.
32. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына керағар мінездерін талдап жазыңыз.
33. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңін­дегі Абайды үлгі етудің себебін талдап жазыңыз.
34. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңін­дегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз.
35. Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы күрестің айбынды ұранына айналған «Ақ сиса» өлеңі – Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз. Пікіріңізді дәйектерге сүйеніп, дәлелдеп жазыңыз.
36. Балуан Шолақ «Ғалия» өлеңінде ғашықтық сезі­мін қалай жеткізген?
37. Сал-серілердің (әнші-ақындар) көтерген мәселе­сін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз.
38. Ахмет Байтұрсыновтың тәкаппарлық пен көре­алмау­шылық сияқты кемшіліктерді астарлап көрсететін мы­салдарын талдап жазыңыз.
39. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің бү­гінгі жастар тәрбиесіне қатысты өзек­тілігі туралы ой­ла­ры­ңызды талдап жазыңыз. 
40. Абай өлеңдеріндегі тәрбиелік арналарды дәлел­деп жазыңыз.
41. Жамбылдың «Өтеген батыр» поэмасындағы Өтеген батыр халық қамын ойлайтын батыр екенін дә­лел­­д­еп жазыңыз.
42. Қадыр Мырза Әлінің «Домбыра» өлеңіндегі домбыра мен қазақ егіз ұғым екенін дәлелдеп жазыңыз. 
43. Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ киме­шек көрінсе» өлеңіндегі ақынды та­бын­­­дырған әже бейнесімен салыстыра талдап жа­з­ыңыз. 
­44. М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өле­ңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көз­қа­растарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз.
45. Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идея­лар­дың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
46. Әркім «Бақыт» дегенді әртүрлі түсінеді. «Бақыт» деген не? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
47. «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін...».
48. Астана – асыл мұраттар мекені (Астананың 20 жылдығына орай)
49. Табысты болу - адамның бәсекелестік қабі­летінің көрінісі.
50. Ұлттық болмысты сақтау - рухани жаңғыру­дың ең басты шарты.