Қазақстан • 11 Сәуір, 2018

Екі өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 12-14 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Екі өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері оңтүстікте күн жылынады.

Қазақстан аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронттар кей жерлерде жауын-шашын, жаңбыр және ылғалды қар алып келеді. Республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы аздап төмендейді. Еліміздің оңтүстік және шығыс аудандарына фронттардың артынан Орта Азиядан жылы ауа келеді. 13 және 14 сәуірде күндіз оңтүстікте және оңтүстік-шығыста плюс 20-25 дейін, кей жерлерде 27-30 градусқа дейін, шығыста 13-18, кей жерлерде 21 градусқа дейін ауа жылынады.

Қызылорда және Қостанай облыстарында ескерту жарияланды. 

12 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман; күндіз шығыс, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі 12 сәуірде тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі.