Аймақтар • 13 Сәуір, 2018

Алматыда белсенді жастардың кездесуі өтті

603 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы Достық үйінде «100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздарының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру Жолы» республикалық жастар қозғалысын қолдау аясында белсенді жастардың кездесуі өтті. Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Абилфас Хамедов, ҚХА «Жаңғыру Жолы» қозғалысының жетекшілері, республикалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен студент жастар қатысты.

Алматыда белсенді жастардың кездесуі өтті

 Қай елдің жастарының рухы биік, танымы терең болса, сол халықтың болашағы зор. Ғабит Мүсірепов бір сөзінде: «Мен жастарға: Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шығарады. Оған жету үшін талмай ізденіңдер дер едім. Жастарға тоғышарлық, бойкүйездік дертінен аулақ, сергек, сезімтал болған жарасады» деген екен. 

Жастар еліміздің болашағы деп жатамыз. Елбасы жастарға қолдау көрсетуді әрдайым басты назарда ұстап келеді. Сол жастар өз әлеуетін толық пайдалана алып жүр ме, ҚХА қызметінде жастар қозғалысының рөлі қан­дай, қоғамдық сананы жаңғы­рту­дың маңыздылығы, неде де­­­ген мазмұндағы мәселелер бел­­­­сенді жастар басқосуында ашық диалог форматында тал­қы­­­­ланды. Ерекше талантымен да­­­ра­ланған көшбасшы жастар же­тістікке жету жолындағы тә­жі­рибелерімен бөлісіп, өз ой-пі­кір­лерін ортаға салды. 

Ассамблея жанынан құ­рыл­ған «Жаңғыру Жолы» рес­пуб­ликалық жастар қозғалысы елі­міздің әр өңіріндегі жастар мен жасөспірімдердің қарым-қабі­ле­тін ашып, отансүйгіштікке тәр­би­елеп, азаматтық ұстанымдарын қа­лып­тастыру, өз идеясын жүзе­ге асыруға мүмкіндік ашу мақсатында құрылған. Аталған бірлестік бүгінгі таңға дейін бірнеше жобаны жүзеге асырып үлгерген. Соның бірі – еліміздің іргелі оқу орындарында белсенді жастар клубын құрып, мәдени-танымдық, спорттық сауықтыру бағытында жастардың ерік-жігерін шыңдауға бағытталған жаңа жоба.

– Мұндай басқосулар студент жас­тар мен жоғары сынып оқу­шы­ларын тың талпыныстарға жетелейді. Сан салада жетістікке жеткен алдыңғы буын өкілдерінің жүріп өткен жолдары оларға үлгі-өнеге болуы тиіс. Бүгінгі шараға 38 оқу орнынан келген студенттер қатысып отыр. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері мемлекет тарапынан жастарға көп қолдау көрсетіліп келеді. «Болашақ» си­яқты бағдарламалар ашылып, шет елдерде де білім алуға мүм­кіндік туды. Жастар арасынан жаңа лидерлерді іздеп, ең та­лант­тыларына ерекше қолдау көр­сету үздіксіз жүріп отыру керек, – дейді «Жаңғыру Жо­лы» республикалық жастар қоз­ға­лысы төрағасының орынбасары Тимур Жұмырбаев.

Жастар бірлестігі алдағы уақыт­та Қазақстан халқы Ассам­б­леясының ұйытқы болуымен қай­ырымдылық жұмыстарға, сту­денттердің таным көкжиегін ке­ңей­туге бағытталған татулық пен келісім жобасын іске асы­руды жоспарлап отыр. Бас­қо­су­да айтылған ұсыныс-пікір­лер ескеріліп, алдағы жұмыс барысы тың идеялардың негізінде өрбімек. 

Ағалар қауымы жиған-тер­ген, көріп білген өмірлік, ақпа­рат­тық тәжірибесін жастармен бөліскені жөн. Жас буын үл­ке­ннің ақылынан ғана емес, өзі­нің қатесінен сабақ алуы тиіс. Қуа­ныш­тысы сол, бүгінгі кездесуде аға буын мен жастар арасындағы рухани сабақтастық үрдісін үзіп алмау мәселесі кеңінен сөз болды. Мұндай пікір алмасу алаңдары ел ертеңі саналатын өскелең ұрпақтың бірлігін ны­ғайтып, көптеген жарқын жетіс­тік­терге жол ашпақ.

Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар