Сенаторлар өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар қабылдауды ұсынды

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған кездесу барысында әлеуметтік және өнеркәсіп нысандарының өрттен қауіпсіздігі, сондай-ақ еліміздегі су тасқынына қарсы күрес жағдайлары талқыланды, деп хабарлайды Парламент Сенатының баспасөз қызметі. 

Егемен Қазақстан
13.04.2018 2007

Комитет төрағасы Дариға Назарбаева көрші елдің Кемерово қаласында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты тұрғындар қауіпсіздігіне, әсіресе балаларды түрлі қатерден қорғауға баса назар аударылып отырғанын атап өтті. Кемерово оқиғасы – адамдар қауіпсіздігін ең бірінші кезекке қоятын, әрқайсымызды оқиға зардаптары туралы ойлауға міндеттейтін ащы сабақ болды.

Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің төрағасы Владимир Беккер адамдар көп келетін нысандардың өрттен қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары және осы саладағы өзекті мәселелер туралы депутаттарды хабардар етті.

Парламентшілер адамдар көп жиналатын әлеуметтік инфрақұрылымдар меншік иелерінің өрттен қауіпсіздік талаптарын бұзғаны және сақтамағаны үшін жауапкершілігін күшейту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге өзгеріс енгізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ мұндай нысандарды Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі бойынша өрт жағдайына  міндетті сақтандыруды енгізу ұсынылды.

Білім және ғылым министрлігіне жалпы білім берудің бастауыш және орта білім бағдарламасына өрттен қауіпсіздік ережелерін оқыту және төтенше жағдайлар болған кезде дұрыс әрекеттер жасауға дағдыландыруды қосу мүмкіндігін пысықтау ұсынылды.

Депутаттар сондай-ақ өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорындардың қызметін лицензиялауды қайтаруды да ұсынды.

Отырыс барысында В. Беккер еліміздегі тасқын су және елді мекендерді су басып кетуге орай ескерту жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Талқылау қорытындысы бойынша сенаторлар төтенше жағдайлар жөніндегі комитет бөлімшелерінің жергілікті атқарушы органдармен жұмыстарында үйлесімнің жоқтығын, сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департаменттердің және жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс басқармалары, әкімдіктердердің авариялар мен табиғи апаттарды ескерту және зардаптарын жою ұйымдары міндеттерінің қосарлануы туралы атап өтті. Сенаторлар тиісті қызметтердің әкімшілендіру жүйесіне реформа жүргізуді және жергілікті атқарушы органдардың көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын нашар жүргізгені үшін жауаптылығын күшейтуді ұсынды.

«Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының міндетін атқарушы  Диқанбек Сатылғанов осы қызметтің жұмысы туралы жан-жақты баяндап берді. Оның міндеттері аясында тауда құтқару, қауіпті өндіріс нысандарындағы су бұрқағына қарсы, газдан құтқару жұмыстарын орындау бар. Бүгінгі таңда авариялық-құтқару міндетін бәсекелестер ортасына беру, ал РМК-ны жеке қолға беру туралы шешім қабылданды. Тұрғындардың, стратегиялық маңызы бар ірі өндіріс нысандарының қауіпсіздігі мемлекеттік органдар тарапынан жан-жақты, мұқият зерделеуді және бақылауды талап ететіндіктен депутаттар қауіпті өндіріс нысандарын авариядан ескерту  және оның зардаптарын жою жөніндегі бірыңғай мемлекеттік қызмет – «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын сақтау, оны жекешелендіруге жататын ұйымдар тізімінен алып тастауды ұсынды.

Қазіргі кездегі бәсекеге қабілетті нарықта сапалы балама қызмет әзірге құрылған жоқ. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жеке компаниялардың тиісті тәжірибесі де, өнеркәсіп орындарындағы төтенше жағдай орын алғандай болғанда дұрыс көмек беретін жабдықтары да жоқ.

Кездесу қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленіп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберілетін болды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.04.2018

Петропавлда Сегіз серінің 200 жылдығына арналған республикалық фестиваль өтті

23.04.2018

Петропавлда салымшыларға 97 мың шаршы метр үй салынады

23.04.2018

Полицей жала жабамын деп бостандығынан айырылды

23.04.2018

Қызылорда облысындағы кәсіпкерлер палатасының мамандары дихандарға тегін кеңес береді

23.04.2018

«Алтын микрофонның» гран-приі Болгарияға кетті

23.04.2018

Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

23.04.2018

Қызылордада IT-парк ашылады

23.04.2018

Добын ауылының тұрғындары тасқын судың астында қалуы мүмкін

23.04.2018

Көпір құрылысына қосымша қаржы қажет

23.04.2018

Лифтілер қызметі қатаң бақылануы тиіс

23.04.2018

Қалдықтарды кәдеге жарату – ауқымды міндет

23.04.2018

Уақытпен үндескен туынды

23.04.2018

Күміс сырын зерттеген Айзада

23.04.2018

Сарайшықтың сыры көп ашылмаған...

23.04.2018

Елордада бес мыңнан аса көшет отырғызылды

23.04.2018

Күйші Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» атты шығармашылық кеші өтті

23.04.2018

Өске­мендегі облыстық Ана мен бала орталығы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылады

23.04.2018

Кәсіпкер Бексейіт Сәрсекбаев

23.04.2018

Жаһан жаңалықтары. Нурмагомедов пен МакГрегор жұдырықтасуы мүмкін

23.04.2018

Станимир Стойлов: Әзербайжан құрамасын бекер таңдаған жоқпыз

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Тажалға қарсы табанды күрес керек

Ашығын айту керек, есірткі мәселесі біздің елде өте күрделі. Ол небір отба­сының шаңырағын шайқалтып, айық­пас кеселге ұшыратып жатыр. Сондықтан да Елбасы «Таразының бір басында оны әкеліп, тарататын адамның өмірі тұрса, екінші басында соның  «көмегімен» қор болған есірткі тұтынушылардың ғұмыры тұр» деді.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Оқшауланудан – интеграциялануға

Алдымен мына мәселеге назар аударайық. Өткен жылы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан, Түрікменстан және Қырғызстан елдерінде сапарда болды. Биылғы жылдың наурызында ол Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барды. Душанбе халықаралық әуежайында Ш.Мирзиёевті Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның өзі қарсы алды.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Кісілік әліппесі

Жер бетінде сонау да сонау көз жеткісіз, көңіл сенгісіз небір ықылымдардан бері жасап келе жатқан заты адам баласының ең зарлы мақсаты не десе, ол – адам болу дер едік. Түр-сипатыңмен, тәніңмен ғана емес, жаныңмен, алпыс екі тамырыңдағы қаныңмен, бүкіл болмыс-бітіміңмен. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Ауылдарды сақтаудың амалы қайсы?

Ауыл халқы азайып барады. Неге? Ешкім­ге ештеңенің керегі жоқ болып кеткен бүгінгідей заманда ол жағын ойлап бас қатырып жатқан да бірде-бір жан жоқ. Бар айтатын уәждері – урбанизация. Бір есептен ол да дұрыс шығар. Қалаларға қарай жа­қындаса ауыл қазақтары да өркениетті өмір­ге араласады, өзгелермен бірге қазіргі за­ман­­ның игіліктеріне ортақтасады. Бірақ... 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Қайырымдылық көмектің қайыры болады

Табиғат апатына немесе соғыс, қарулы қақтығыс салдарынан күйзеліске ұшырап, аштыққа, босқыншылыққа тап болған елдерге қайырымдылық көмек көрсету – халықаралық қоғамдастықтың игі шарала­ры­ның бірі. БҰҰ-ның Халықаралық соты ондай көмектердің азық-түлік, киім, дәрі-дәрмек түрінде болуын, қару-жарақ түрінде берілмеуін қатаң бекіткен.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу