Парламент • 16 Сәуір, 2018

Ассамблеяның ғылыми әлеуетін қолдану қажет

238 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасының бес әлеуметтік бастамасын Мәжілістің Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттары талқылап, оны жүзеге асыру жолдарына байланысты пікірлерін білдірді.

Ассамблеяның ғылыми әлеуетін қолдану қажет

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен ғылыми семинарға қоғам қайраткерлері және еліміздің әр аймағынан келген ғалымдар мен студенттер қатысты.

Мәжіліс Төрағасының орын­­басары Владимир Божко атал­ған форумға қатысушыларға Мемлекет басшысының қоғам­дық сананы жаңғыртуға байланысты тапсырмалары саяси және экономикалық жаңғыру мен дамудың негізгі іргетасы болатындығын атап өтті.

– Президенттің бастамалары барша қазақстандықтардың мүддесіне сай келеді. Халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту, салық жүктемесін азайту, сапалы және заманауи сұранысқа сай келетін жоғары білім беру, кәсіпкерлік бастамаларды дамы­туға мүмкіндік жасау, өңір­лерді газдандыру жобалары халық­тың мұқтаждығын өтеуге арналған, – деді В.Божко.

Семинарға қатысушылар Пре­зидент бастамаларынан туын­дайтын өзге де оң өзгерістер ж­айы­нда пікірлерін білдірді. Мә­се­лен солтүстік өңірлерді газдан­дыру ай­мақтың экологиялық ахуа­лы­на да оң әсерін тигізбек. Осы мәсе­леге байланысты сарапшылар халық­тың әл-ауқатының айтар­лықтай жақсаратындығын болжап отыр.

Парламент депутаттары Пре­зи­денттің бастамалары бүкіл әлем күрделі экономикалық күй­зелісті бастан кешіп, әлеуметтік бағ­дарламалары кейінге ш­еге­рі­ліп жатқан шақта қолға алын­ғанын ерекше атап өтті.

Ең бастысы, еліміздегі басым­дық­­тардың алдыңғы легін­де ха­лық­тың әлеуметтік жағдайын жақ­сарту мәселесі тұратындығы айтылды.

Семинарға қатысушылар Президент басымдық берген салаларды айта келе, Л.Н.Гумилев атындағы Еура­зия ұлттық университетіндегі Қазақ­стан халқы Ассамблеясы кафедрасы филиалдарының ма­ңыз­дылығына да тоқталып өтті. Мәселен, қазіргі уақытта ка­фед­раның бөлімшелері Астана қала­сындағы Еуразия гумани­тарлық институты мен №22 және №48 мектептерде ашылған.

Онлаин режімде өткен семинар барысында Алматы және Павлодар қалаларынан байла­нысқа шыққан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық универ­ситеті және С.Торайғыров атын­дағы Павлодар мемлекеттік уни­верситеті жанындағы ҚХА кафедрасының меңгерушілері Георгий Кан мен Сәуле Ма­мытова ұлтаралық және кон­фес­сия­аралық келісімнің маңызды тұстарын сөз етті.

Сондай-ақ форумды Қызыл­­орда, Петропавл, Қос­танай, Тараз, Көкшетау қала­ларын­дағы бірқатар жоғары оқу орын­дарының оқытушылары мен студенттері көріп отырды.

Жиын барысында Мәжіліс Төрағасының орынбасары ел ішінде Президент бастамаларына ғылыми тұрғыда қолдау көрсету үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының ғылыми әлеуеттерін толықтай қолдану керектігін жеткізді.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»