Аймақтар • 16 Сәуір, 2018

Атырауда атқарылған игі іс көп

508 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дар­ла­малық мақаласы аясында Атырау облысында өткен жылы 118 жоба жүзеге асырылды. 1000-ға жуық іс-шара ұйым­дас­тырылды. 

Атырауда атқарылған игі іс көп

«Атамекен» кіші бағ­дар­ламасы аясында «Асар» үшжақты әріптестік республикалық форумы өтіп, өңірдегі қоғамдық сектордың дамуына үлкен сер­пі­ліс берді.

«Туған жерге тағзым» жоба­сының аясында облыстың аудан­дарында жерлестер форумдары өтіп, 6 балабақша мен 8 спорт кешені пайдалануға беріл­ді. Атырау мұнай және газ универ­ситетінде Балғымбаев ғылыми ор­талығының құрылысы жүруде.

«Рухани қазына» кіші бағ­дар­ламасы бойынша өңірге ел зиялылары шақырылып, шы­ғар­машылық жобалар жүзеге асты. Асанәлі Әшімов, Мырзатай Жол­дасбеков, Нұрлан Оразалин, Ғафиз Есімов, Алтынбек Қоразбаев, Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова, Айгүл Үл­кенбаева, Болат Қохаманов, Татьяна Бурмистрова секілді әдебиет, өнер тұлғаларының шы­ғармашылық кештері мен концерттері атыраулықтарға ұмы­тылмас әсер сыйлады.

– Елімізде алғаш рет Арқа, Батыс, Сыр, Жетісу және Алтай-Тарбағатай ән мектептерін бір арнаға тоғыстырған «Ән дария дүлдүлдері» І республикалық дәс­түрлі әншілер байқауы, «Мәң­гілік елдің алтын адамы» атты республикалық театрлар фести­валі, «Қайта жаңғырған Қазақ­стан» тақырыбында халықаралық ақындар айтысы, «Жайық нұры» республикалық академиялық әншілер байқауы, Д.Нұрпейісова атындағы «Бұлбұл домбыра» республикалық қыз-келіншектер байқауы да «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырылды, – дейді облыс әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауова.

Өлке тарихын зерделеуге ар­налған «Ибн Батутаның Ұлы Жі­бек жолымен саяхаты: мәде­ниет­тер арасындағы диалогты алға бас­тыру» тақырыбындағы халық­аралық ғылыми-практикалық конференциясы, «Нұр Отан» партиясының бастамасымен жүзеге асқан «Ақмешіт – Бекет ата» экспедициясы арқылы біраз жаңа мәліметтер жиналды.

Облыстың архив құ­жат­­тары мен тарихи-мәдени ескерт­­кіштерін зерттеу және қор­­ғау жұмыстарының маман­­дары Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Астрахань, Орын­­бор қалалары мен Татар­стан, Башқұртстан республи­ка­лары­ның мемлекеттік архив­тері­нен елі­міздің тарихына қатысты құжат­тарды іздестіру мақсатында ғылыми іс-сапарларда болды. Нәти­жесінде, «Каспий ма­ңы қазақ­тарының мәдениеті мен тұрмысы: ХХ ғасырдың 20 жыл­дар­ын­дарындағы фотоқұжат­тарда» атты кітап-альбомы жа­рыққа шықты.

– Өңірде көлемді архео­ло­­гия­лық қазба жұмыстары жүр­гі­зілді. Нақты айтқанда, Мия­­лы қорғандары, Сарай­шық және Ақтөбе-Лаэти орта­ға­сыр­­лық қалашықтарына ғы­лыми ар­хеологиялық зерде­леу жұ­мыс­тары жасалды, – дейді облыс әкі­мінің орынбасары Нұр­­сәуле Сай­лауова. – Ұлт­тық спорт түрлерін дамыту мақ­са­тын­да І республикалық «Дара­боз» жап­пай көкпар сайысы өтті. Де­меушілер есебінен об­лыс ор­та­лығында «Ретро» сая­бағы ашыл­ды. Еліміздің ұлы ға­лым­дарын насихаттау мақ­сатында «Ағартушылар» көп серия­лы тарихи-деректі фильмі түсі­рілді. Мұның бәрі «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасының игілігі.

«Қазақстанның киелі жер­лерінің географиясы» жобасына облыстан 7 нысан енгізілді. Олар: Сарайшық қалашығы, Ақ­мешіт, Ұшқан ата және М.Өтеміс­ұлының кесенелері, Арал­­төбе қорымы, Құлшан ата жер асты мешіті және Иманқара үңгірі.

Атырау облысы әкімдігі Мәдениет және спорт министр­лігімен бірлесе көне Сарайшық қаласын сақтап қалу, зерттеу және өзен жағасын бекіту бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыра бастағанын айта кеткен жөн. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 1,6 млрд теңге бөлінді. Биыл жұмыс аяқталып, қалашық орнына этномәдени музей кешені салынады, осы арқылы ішкі және сыртқы туризмнің дамуына кең жол ашылмақ.

 «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында өңірдегі шығармашылық ұжымдар қазақ­стандық мәдениетті әлемге та­ны­ту мақсатында Үндіс­тан, Маке­дония, Португа­лия, Малайзия, Ресей, Түркия, Вен­грия, Сербия мемле­кет­терінде өнер сапарында болды.

«Латын әліпбиіне көшу» ар­найы жобасы бойынша тұр­ғын­дарға ақпараттық түсіндіру жұ­­мыстары жүргізіліп, сарап­шы­­лар топтарының қатысуы­мен 300-ден аса іс-шара ұйымдас­ты­рылды.

Осындай игі жұмыстар қа­тары биыл да жалғасын тауып жа­тыр. Облыс әкімінің орынбасары Н.Сайлауованың айтуынша, «Рухани жаңғыру» аясында 2018 жылы 6,1 млрд теңгеге 175 жоба жоспарланған. 500-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, 300 мыңнан аса адам қамту көз­делуде.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ

Соңғы жаңалықтар