Үкімет сағатында көші-қон бақылауының жай-күйі талқыланды

Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божконың төрағалық етуімен Үкімет сағаты өтті. Онда «Қазақстан Республикасындағы көші-қон бақылауының жай-күйі және оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндама жасап, депутаттардың еліміздегі көші-қонның бүгінгі жай-күйі тұрғысындағы сауалдарына жауап берді. 

Егемен Қазақстан
17.04.2018 3094
2

Алаңдатар жағдайлар аз емес

Үкімет сағатын ашқан В.Божко көші-қон мәселесіне байланысты қалыптасқан ахуалға тоқталып өтті. Оның айтуынша, біздің еліміздегі білікті шетелдік мамандардың уақытша келіп-кетуіне, туристер ағымының артуына, оралмандардың келуіне, халықтың қолайлы өңірлерге қоныстануына тосқауыл жоқ. Алайда жаһандық жағдаяттар мен ішкі тұрақтылыққа байланысты туындайтын назар аударарлық мәселелер жетіп-артылады. Оның ішінде келген жерінде бүлік шығарып, лаң­кестік және қылмыстық қауіп төндіретіндерге, әлеумет­тік-экономикалық мәселе­лер­ді шиеленістіріп, тұрғылық­ты халықтың тұрмыстық мәде­ниетіне нұқсан келтірушілерге бөгет болу маңызды.

– Елімізге мигранттар санатында лаңкестердің еніп кету ықтималдылығы алаңдатушылық туғызады. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, аталған ұйым­ның контртеррористік бас­қар­масының жетекшісі Владимир Воронковтың мәлімдеуінше, 2017 жылы әлемде 11 мың лаңкестік оқиға тіркелген. Бұл кесапат 100-ден аса елді шарпыған. Осының салдарынан 25 мыңдай адам қаза тауып, 33 мың адам жараланған. Ал экономикалық шығын 90 млрд долларға жеткен. Жекелеген мемлекеттер мен арнаулы қызметтердің террористік ұйымдарды қанатының астына алып, олардың мүшелерін Сириядан шығарып жатқандығы туралы деректер де алаңдатпай қоймайды. Енді олар Сириядан шығып қайда барады? Мемлекет басшысы да бұл жөнінде ескертіп, жаһандық көші-қонға қырағылықпен қарауды тапсырды, – деп атап өтті Мәжіліс Төрағасының орынбасары.

Оралман атын жамылғандар

Үкімет сағатында белгілі болғандай, Ауғанстан Ислам Рес­публикасының 49 азаматы елімізге оралман-қазақ ретінде келіп, Қазақстанның азаматтығын алуға талпынған. Олардың бұл әрекетіне уақытында тосқауыл қойылып, қазір күдіктілердің қашып-пысқан бірқатарына іздеу жарияланған. Сонымен қатар аталған мемлекет пен Бангладеш азаматтары Қазақстанға қоныс аударып, елімізді Еуропаға шығудың оңай жолы ретінде пайдалануға тырысып келеді. Ал құқық қорғау органдары әш­керелеген 2 трансұлттық қыл­мыстық топ елімізде тір­келген 85 компания арқылы Қы­тай азаматтарын Қазақстанға заң­сыз кіргізумен айналысқан. Сал­дарынан мыңдаған мигрант осы жолды таңдаған. Кейін олардың қылмыстары ашылды.

– Соңғы үш жылдағы ресми статистикаға сүйенсек, Қазақ­станға осы аралықта шетелдің 5,6 млн азаматы келген. Олардың 90 пайыздан астамы ТМД, атап айтқанда, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан азаматтары. Сондай-ақ өзге де шетелдерден келген мигранттардың қатары көбейіп келеді. Олардың көбі Қытай және Түркия азаматтары, – деп атап өтті Қ.Қасымов.

Жалпы, көші-қон – бейжай қарауға болмайтын сала. Әсіресе заңсыз көші-қон есірткі бизнесі, адам саудасы, халықаралық экстремизм және терроризммен біте қайнасып кетуі мүмкін. Соның салдарынан кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы­на орасан зиян келері сөзсіз.

Алайда Ішкі істер министрі шетелдіктердің көптеп келуі елдегі криминалдық жағдайға айтарлықтай ықпалын тигіз­бей­тіндігін жеткізді. Соңғы бірнеше жылда еліміздің аумағында тіркелген қылмыстар бойынша шетелдіктердің үлес салмағы 2,5 пайыздың деңгейінде сақталып тұр. Бұл шетелдіктердің дені ұр­лық және есірткіге қатысты қыл­мыстар бойынша тұтылған.

Саусақ таңбасын алу міндеттеледі

Ішкі істер министрінің ай­туынша, елімізде 2021 жылы дактилоскопиялық және ге­ном­дық тіркеу туралы заң қолданысқа енеді. Демек шетелдіктерден, нақтылай айтқанда, уақытша тұру ықтиярхаты мен босқын мәртебесін алушылардан сау­сақ таңбасы алынады. Осы арқылы ше­телдіктер тарапынан болатын заң бұзушылықтардың алдын алуға жаңа қадам жасалып отыр.

Қ.Қасымовтың баяндауынша, елімізде еңбек мигранттарының заңсыз келуінің алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстар жүр­гізіліп келеді. Полиция қызмет­керлері базарлар, сауда орын­дары мен құрылыс алаң­дарын жиі тексеріп отырады.

Мәселен қолданыстағы заңна­ма­ларға сәйкес заңсыз мигрант­тар да, оларды шақыру­шылар да және көші-қонды ұйым­дастырушылар да қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Оның үстіне заңсыз миграция қылмыстық теріс қылықтардың қатарына енгізіліп, айыптыларға 1000 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе елден шығару жа­уап­кершілігі көзделген.

Ал 2015 жылдан бері Әкім­шілік кодекске енгізілген өзге­рістерге байланысты миграция тәртібін бұзушылар сол заматта елден шығарыла бастаған. Елден қуылғандар Қазақстанға 5 жылдан соң ғана қайтып орала алады.

Электронды үй кітапшасы пайда болды

Көші-қон саласындағы тағы бір жаңалық ел азаматтарын тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тіркеуге қатысты болып отыр. Нақтырақ айсақ, Ішкі істер, Әділет, Ақпарат және коммуникациялар министрліктері бірлесе отырып электронды үй кітапшасын жасақтап шығарған. Қ.Қасымовтың баяндауынша, бұл жаңашылдық азаматтардың келген және тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібін оңтай­ландыру арқылы ішкі көші-қонды бақылауды айтарлықтай күшейтуге мүмкіндік бермек.

– Заңсыз көші-қонға қарсы күресте Астана, Алматы сияқты басқа да ірі қалалардағы «созылмалы пәтерлер» мәселесін шешуге электронды үй кітапшасының пайдасы зор болмақ. Елімізде пәтерінде тұрып жатқан адамдарды тіркемеген үй иелеріне жауапкершілік енгізілгені белгілі. Ал жауапкершіліктен жал­тар­ғандарға көлемді айыппұлдар қарастырылған. Соның нәти­же­сінде тұрғындардың қоныс­та­нуы­ның нақты көрінісі айқын­далды, – деді Ішкі істер министрі.

Жаңа электронды үй кітап­шасы елімізде жыл соңына дейін толық қолданысқа енгізіледі. Ең бас­тысы, азаматтар бұл кітапша үшін мүлдем шығындалмайды. Тегін берілетін кітапшадағы тір­келген тұрғындардың мәліметі жоғарыда айтылған «созылмалы пәтерлер» мәселесін түбе­гейлі шешуі тиіс. Мәселен бір пәтерде тіркелушілер саны арт­қан жағдайда полиция қыз­мет­керлері назар аударып, тір­кел­гендердің нақты тұрағын тексеруге мүмкіндік алады.

Алайда министрдің айтуын­­ша, соңғы кездері уақыт­ша тір­кеуді айтпағанның өзінде, тұрғылықты жерінде тіркеусіз жүр­ген азаматтар көптеп анық­талған. Ал заңның талаптары бойынша уақытша тіркеуге тұрғандар саны 14 есеге өскен. Атап айтқанда, ондайлар 75 мыңнан 1 миллионға жеткен.

Жалпы халықтың қоныс­та­нуының шынайы деректері елді мекендерді дамытуды жоспарлау, жолаушылар тасымалын ұйым­дастыру, әлеуметтік нысан­дар салу мен басқа да қызмет түр­лерін ұйымдастыруда нақты жос­парлар жасауға мүмкіндік береді.

Қосарланған азаматтығы бар 600 адам анықталды

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіровтің қосымша баяндамасында көші-қон саласында әлі де тәртіпке келтірілуі тиіс мәселелер аталды. Мәселен соңғы үш жылда шетелдіктерге қатысты 3 506 қылмыстық іс қозғалған. 2,5 мыңнан астам шетелдіктің өзі қылмыстың құрбанына айналған.

– Бұдан көші-қон қызметі тарапынан бақылаудың жет­кі­ліксіздігі анық көрініп тұр, – деді Нұрлан Әбдіров.

Депутаттың айтуынша, өткен жылы қосарланған азаматтығы бар 600-ге жуық адам анықталған. Ол еліміздің Конституциясына қайшы мұндай әрекеттің алдын алу үшін біздің азаматтардың өзге елдің азаматтығын алуы мә­селесі бойынша құзырлы органдар шетелдік дипломатиялық өкілдіктермен тұрақты байланыс орнату қажеттігін атап өтті.

Н.Әбдіров сот шешімімен ел аумағынан шығарылуы тиіс азаматтардың бірсыпырасы елімізден шықпай қалып отыр­ған­дығын да жеткізді. Мәселен Бас прокуратураның мәлімет­теріне сілтеме жасаған депутат өт­кен жылы 628 тұлғаны ел аума­ғынан шығару туралы үкім болғанымен, 62 адам Қазақ­станда қалып қойған. Өйткені жазаны орындау талабы өзгеріп, кінәлілер айыппұл төлеумен құтылып кеткенге ұқсайды.

Комитет төрағасы, сонымен қатар көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстардың күшейтілуі керек екендігін жеткізді. Оның ішінде құқық қорғау органдарының өзара бірлесіп, заңсыздықтармен талдау арқылы күресуге маңыз беруі керектігіне тоқталды.

Жалпы Мәжіліс депутаттары талқыланған мәселелерге байланысты өзге де сауалдары мен ұсыныстарын айтты.

Серік ӘБДІБЕК,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.12.2018

Ә.Жақсылықов: Тауарлы-сүт фермасын құрып, 100 бас сиыр ұстаудамыз

17.12.2018

Шортанды ауданында Абылай ханға ескерткіш орнатылды

17.12.2018

Көкшедегі тәуелсіздік тойы

17.12.2018

Қобда ауданының тұрғындары баспаналы болды

16.12.2018

Түркияда еліміздің тәуелсіздік күні мерекесі тойланды

16.12.2018

Тұңғыш Президенттің тариxи-мәдени орталығына Елбасы көлігі қойылды

16.12.2018

Шымкенттіктер «Елбасы жолы. Астана» көркем фильмін тамашалады

16.12.2018

Тәуелсіздікке тарту: Шымкенттің екі ауданында ашық ойын алаңшалары ел игілігіне берілді

16.12.2018

ШҚО-да тұрғындар үшін басын қатерге тіккен мемлекеттік қызметкер «Құрмет» орденін алды

16.12.2018

Өскеменде жер үсті көпірі жұмыс істей бастады

16.12.2018

Жетісу жұрты Тәуелсіздік күні қоныс тойын тойлады

16.12.2018

Семейде «Абай әлемі» кітап сериясының тұсаукесер рәсімі өтті

16.12.2018

Қарағандылықтар Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградалармен марапатталды

16.12.2018

Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырауда мемлекеттік марапаттар тапсырылды

16.12.2018

Тарихшылар «Тәуелсіздік – басты құндылық» тақырыбында отырыс өткізді

16.12.2018

Солтүстік Қазақстанның халық қалаулысы үздік депутат атанды

16.12.2018

Ақтөбеде ақын Фариза Оңғарсынованың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

16.12.2018

Түркістанда Тәуелсіздік күніне орай жас мамандар баспаналы болды

16.12.2018

Оралда тәуелсіздік құрметіне жаңа мектеп пен 180 пәтерлік үй пайдалануға берілді

16.12.2018

Түркістан облысында саябақ, медициналық орталық және жастар сарайы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу