Қазақстан • 17 Сәуір, 2018

Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың жеке қоры ашылды

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Респуб­лика­сы­ның Ұлттық архивінде Мә­жіліс депутаты, Халық Қа­һар­маны, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың жеке қорының ашылу рәсімі өт­ті.

Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың жеке қоры ашылды

Жиынға мемлекет жә­не қоғам қайраткерлері, ор­та­лық мемлекеттік орган­дар­дың басшылары, архив қыз­мет­керлері мен журналистер қатысты.

Көрмеге Бақытжан Ер­таевтың өмір жолын және оның тәуелсіз Қазақ­стан­ның қалып­тасуына, өр­кендеуіне қос­қан үлесін көр­сететін ар­хив­­тік құжаттар мен фотосуреттер, кітаптар қойылды. Көрменің та­қы­ры­бы – «Ерлік дастаны – генерал Ертаев».

Әскери қызметін взвод командирі болып бастап, әс­кери корпустың қол­бас­шы­сына дейін көте­рілген ге­нерал Ертаев тәуелсіз елі­­міздің қорғаны болатын сар­­баздар даярлауда да аянбай еңбек еткен. Ау­ған­стан­да­ғы әскери опе­ра­ция­ларға қатысып, жау­ын­герлік рухын көрсетті.

«Тәуелсіз еліміздің бо­ла­­ша­ғы біздің қай-қайс­ы­мыз үшін де маңыз­ды. Бү­гінгі ша­ра жас ұрпақты ер­­лікке баулу үшін ұй­ым­дастырылып отыр. Қо­ға­мымыздың, мем­ле­­ке­ті­міз­дің қауіпсіздігі бүгінгі таң­да бірінші орында. Ел­басы ел тыныштығы үшін барлық жағдайды жа­саған. Осы шараны ұйым­­дас­ты­ру­шыларға рахмет айтамын», деді Бақытжан Ертаев.

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»