Астананың «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы еліміздің өзге қалаларына енгізіледі

 Астанада қала әкімі Әсет Исекешев пен «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен кәсіпкерлердің дәстүрлі конференциясы өтті, деп хабарлайды астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Егемен Қазақстан
17.04.2018 1390

Кезекті «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасын жүзеге асыру блокчейн жүйесі бойынша мамыр айында өтеді. Бұл өз кезегінде адами факторды барынша қысқартып, орындарды ашық түрде бөлуге септігін тигізеді. Бұл туралы конференция барысында қала әкімі Ә. Исекешев айтты.

«1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы бойынша 640 орын кәсіпкерлерге берілді. Осы жылы біз қосымша тағы 150 ірі сауда алаңын дайындадық. Мамыр айында бәссауда өтеді. Біз оны блокчейн бойынша өткіземіз, ол орындарды ашық түрде бөлуге септігін тигізеді. Қаламыздың аудандары да осы бағытта жұмыстарды бастады. Мысалы, «Сарыарқа» ауданы форум өткізеді, шағын дүкендер, дәріхана, ЖҮЗ қалыптастыру үшін ашық негізде 100-ге жуық шағын учаскелер ұсынылады», - деді әкім.

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Астана қаласында бизнесті дамытуға оң өзгерістер болып жатқанын атап өтті. Ол қазіргі күнде «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы ел бойынша қолға алынып жатқанын айтты.

«Астанада бастау алған бастамалар барлық ел бойынша қолға алынуда. Мысалы, «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы тиімді жүзеге асырылуда. Қазірдің өзінде 650 сауда орны жаңа иесіне берілді. Бұл бағдарламаны біз ел бойынша енгізуді жоспарлап отырмыз, мұны қолдады. Үкімет арқылы сала бойынша барлық әкімдіктермен жұмыс жасаудамыз», - деді Тимур Құлыбаев.

«1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы Астанада 2016 жылы жүзеге асырылды. Ол бірден екі мәселені шешуге көмектеседі: шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, сонымен қатар көше саудасын қазіргі заманғы стилде дамытуға сеп.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.07.2018

МҰЗ ҮСТІНДЕГІ ШОҚ ЖҰЛДЫЗ...(ДЕНИС ТЕНГЕ АРНАЛАДЫ)

20.07.2018

Қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

20.07.2018

Үкімет басшысы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

20.07.2018

Шымбұлақта ІІІ Халықаралық тау және спорт фестивалі басталды

20.07.2018

Әлемдегі ең ауқатты командалар қайсы?

20.07.2018

Мектеп түлектері ауылдастарына ойын алаңын сыйға тартты

20.07.2018

Токио Олимпиадасының бағдарламасы бекітілді

20.07.2018

Астанада «Ұлы Дала рухы» фестивалі аясында іріктеу сындары жалғасады

20.07.2018

Елбасы Денис Теннің қазасын қатты күйзеліспен қабылдаған

20.07.2018

Семейде  «Күміс сиқыры» атты  көрме ашылды

20.07.2018

Бердібек Сапарбаев мәжіліс депутаттарымен кездесті

20.07.2018

Астанада қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді

20.07.2018

Елбасы Денис Теннің өліміне байланысты қылмысты бақылауда ұстауды тапсырды

20.07.2018

Шымкентте «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамыту мәселелері талқыланды

20.07.2018

Денис Теннің өліміне қатысты екінші күдікті іздестіріліп жатыр

20.07.2018

Гомерден қалған мұра

20.07.2018

Көкшетауда көшпелі көрменің тұсаукесері өтті

20.07.2018

«Астана» – келесі кезеңде

20.07.2018

Астанада ертеңнен бастап жолақы 180 теңге болады

20.07.2018

Суға түскенде сақтық керек

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Атақ қымбат па, абырой қымбат па?

Бүгінде қандай жолмен келсе де атақ үшін есі кете, есерлене қимылд­ай­ты­ны­мыз­ды бәрі біледі. Айта­лық, жуырдағы бір мереке күндерінде орден сатылыпты. Бұл орденнің атауы қандай дерсіз – «Қазақстанның құрметті азаматы».

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу