Тарих • 18 Сәуір, 2018

Отырар ауданында бастапқы қалпын жоғалта бас­таған бірқатар ескерткіштер бар

1316 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық құнды­лық­тарымыз туралы айтылады. Әр жылдың 18 сәуір күні – Халық­ара­лық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні болып жа­рия­ланған. Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. Дү­ние жүзінің 122 елінен 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. 

Отырар ауданында бастапқы қалпын жоғалта бас­таған бірқатар ескерткіштер бар

Елімізде ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар. Ал Отырар ауданы бойынша, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің тізімінде 202 тарихи-мәдени ескерткіш тізімге енгізілген, олардың 3-еуі республикалық, 73-і жергілікті маңызы бар ескерткіштер қатарына жатады.

Бүгінде қазақ халқының орта ға­сыр­лық ғылымы мен білімі, мә­де­ниеті мен өнерінің кең тараған өл­кесі Отырар даласының тарихи жәдігерлерін көздің қарашы­ғын­­дай сақтап, насихаттап келе жат­қан Отырар мемлекеттік архе­о­ло­гия­лық қорық-музейі. Тарихи-мәдени ескерткіш­тер­дің Қазақстан тарихында алатын ор­ны ерекше. Ескерт­кіш­тер – ұлт­тық тарихымыз бен мәде­ни­е­ті­міз­дің құнды жәді­гер­лері, әрбір елдің та­рихы мен өткенінен сыр шертер ха­­лықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін са­­ра­лайтын, сол арқылы келешек ұр­паққа тәлім-тәрбие беруде ма­ңызы зор. 

Осы тарихи-мәдени ескерт­кіш­терді ғылыми негізде терең әрі дәйекті зерттеу, зерделеу сол ар­қылы өскелең ұрпақты отан­шыл­дық рухта тәрбиелеу, сол өт­кен тұлғалардан үлгі-өнеге беру қа­зір­гі қазақ мемлекетінің алдында тұрған бірден бір маңызды мә­се­лелерінің бірі. Қазіргі таңда Отырар музейінің тізімінде 202 та­рихи-мәдени ескерткіш ті­зімге алынған. Тізімге алынған ескерткіштер өз санаттарына қа­рай бөлінген. Басым көпшілігі ар­­хеологиялық ескерткіштер, олар­­дың ішінде республикалық дә­ре­­жедегі үш ескерткіш олар; аты әлемге мәшһүр болған орт­а­ға­сырлық Отырар, сондай-ақ ғұ­ла­ма ғалым Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің дүниеге келген қаласы Оқсыз қалажұрты және Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы болған Арыс­танбабтың кесенесі қазіргі таңда мемлекеттің басты назарында. 

Отырар ауданында орналасқан ескер­ткіштер қатарында ежелгі тұ­рақ­тардан бастап, ортағасырлық обалы қорымдар мен қалажұрттар, мекенжұрттар, каналдар мен архи­тек­туралық ескерткіштер жатады. Ес­керткіштердің басым бөлігі Отырар қалажұртына жақын Қо­ғам, Қарғалы және Талапты ауыл­дық округтерінде орналасқан. Қорық мұражай жыл сайын ес­кер­­ткіштерді тиімді қорғау мақ­са­тында барлау және бақылау жұмыстарын жүргізіп отырады, жаңадан табылған археологиялық ес­керткіштерді есепке алып, оларды жоюдан, бүлдіруден қорғау мақ­сатында ауылдық мектеп оқу­шы­лары мен тұрғындар арасында іс-шаралар өткізіп отырады.

Қазіргі таңда Отырар музейі қыз­­меткерлері жыл сайын архе­о­ло­гиялық зерттеулер арқылы ауда­ндағы ғасырлар куәсі болған қа­ла жұрттар, тұрақтар, арық-ка­нал­дар, үңгірлер мен қорған-оба­лар­лың орнын тауып зерттеп, мұ­ра­жай тізіміне алып, табылған жа­ңа ескерткіштерге арнайы құжат­тар толтырып тізімге алып отыра­ды. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығы жайында көрнекті мемлекет және қоғам қай­раткері Өзбекәлі Жәнібеков «Қай халықтың болса да рухани әле­міне саяхат оның көне ескер­т­кіш­терімен, тарихи орындарымен танысудан басталатыны мәлім» деп жазған болатын. 

Ескерткіштерді қираудан, бүлі­ну­­ден сақтау өткен көне за­ман­дар­­­да да өткір мәселенің бірі бо­лып отырған. Ежелгі грек елі­нің жыл­намашысы Полибий: «Бо­ла­­шақтағы жаулап алушылар, өз­­дері бағындырған қалаларды қи­­рат­пауды, өз елдерін басқа ха­лық­тардың қайғысы мен көз жа­сымен байытуды үйренбейді деп сенгім келеді» деген екен. Мә­дени құндылықтардың тоналуы, олар­дың зақымдануы кез келген елдің, халықтың тарихын, мәдениетінің күйреуіне, жойылуына алып келеді.

Бұл тарихи-мәдени мұралар кө­не тарихтың куәсі, өткенімізден сыр шертіп, бүгінгі күнге дей­ін сақ­талып жетіп отырған ескер­т­кіш­терді қорғау мен сақтау, оларды насихаттау әрбір азаматтың еліне, туған жеріне деген жана­шыр­лығы, мәдени мұраларға де­ген қамқорлығы болмақ. Осы та­рихи ескерткіштерді көркейте оты­рып, көне ескерткіштері ту­ристік жерлерге айналдырып, отан­дық және шетелдік туристерге жағдай жасап, ескерткіштердің ел экономикасының көтерілуіне се­бебін тигізуіне мүмкіндік туғы­зуы­мыз керек. Бұл қазақ елін, же­рін, тарихын бүкіл әлемге әйгі­лей  оты­рып, экономиканың кө­те­рі­­луі­не де өз үлесін қосады және Қа­­зақ­стан­­ның шетелдермен байла­ны­сын нығайта түседі.

Отырар өңірінің тарихи ескер­т­кіш­теріне жеке тоқталмай, тек адам­заттың қолымен бүлінуге түс­кен, бастапқы қалпын жоғалта бас­таған бірқатар ескерткішке си­паттама бере кеткенді жөн кө­ріп отырмыз. Зиратқа айналған еск­ер­ткіштер: Жалпақ төбе, Сазан төбе, Жарты төбе, Ескі мола төбе, Жар әулие, Оқсыз, Қауған ата, Қаракөншек, Төлеңгіт, Тоғай төбе, Шөл төбе, Шытты төбелер. Бұл төбелер мемлекет тарапынан көңіл бөлінбей тұрған ХІХ ға­сыр мен ХХ ғасырдың бас кезін­де мәйіт қойылып, мазаратқа ай­нал­дырылған. Қазіргі таңда жоға­ры­да аталған ескерткіштердің көп­шілігіне адам мүрдесін қою тоқ­та­тылып, әкімшілік тарапынан зи­ратқа арнап бос жерлер бе­ріл­ген. Отырар қорық-музейі ес­кер­ткіш­терді сақтау мақсатында ауыл әкімдіктерімен тығыз байланыста болып, бірге жұмыс жасайды. Ескерткіштер маңына жақын орналасқан шаруашылық иелеріне ар­найы қорғау міндеттемелері тол­ты­рылып беріледі. Осы жұмыс­тар­дың өз деңгейінде атқарылуын жер­­гілікті атқарушы орган болып са­налатын ауыл әкімшіліктері жүр­гізіп келеді. 

Өткенге ой жіберіп, зерделемей, бүгінгіні тану мүмкін емес. Қай ескерткіш болсын оның мәде­ни мұра болып қалатынын естен шы­ғармайық, оларды көздің қара­шы­ғындай сақтауымыз қажет. Ескер­ткіштерді сақтау біздің өткен өмір­ге деген көзқарасымызды, оның ал­дындағы жауапкершілікті біл­ді­реді. Мұражайдағы жинақталған дү­ние – оның жаны саналады. Әр жәдігер адамға желпініс, әсер бе­реді. Сондай-ақ ол өз дәуі­рі­нің мә­дениеті, өз дәуірінің бел­гісі, ұр­­паққа қалған аманат. Ескер­т­кіш­­тер осынысымен құнды, ес­кер­­ткіштерді қорғап, сақтау, ата-ба­баларымыздың қалдырған мұ­ра­­ларын қастерлеп ұстау келер ұ­р­пақ­қа жүктелер міндет болмақ.

Қуаныш ШОХАЕВ,
«Отырар мемлекеттік археологиялық 
қорық-музейі» РМҚК
«Тарихи ескерткіштерді қорғау»
 ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі