Спорт • 19 Сәуір, 2018

Ең көп билетті Ресей жанкүйерлері сатып алды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатының бүгінге дейін сатылған билеттерінің статистикасын жариялады.

Ең көп билетті Ресей жанкүйерлері сатып алды

Халықаралық федерацияның таратқан мәліметіне қарағанда, әлем чемпионатына бүгінге дейін 1 698 049 билет сатылған. Олардың басым бөлігін яғни 796 875-ін (немесе 46,9%) ресейлік футбол жанкүйерлері сатып алған. Сондай-ақ алғашқы ондықтың ішіне мына мемлекеттің өкілдері енген: АҚШ (80 161), Бразилия (65 863), Колумбия (60 199), Германия (55 136), Мексика (51 736), Аргентина (44 882), Перу (38 544), Қытай (36 841), Аустралия (34 628) және Англия (30 711).

Айта кетейік, билет сатып алу бойынша ондыққа енген АҚШ пен Қытай мемлекетінің құрамасы биылғы әлем чемпионатына қатыспайды.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»