Спорт • 19 Сәуір, 2018

Гассиев-Усик жекпе-жегі кейінге шегерілді

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыр салмақтағы WBC және WBO әлем чемпионы украиналық Александр Усик (14-0, 11 КО) ресейлік боксшы Мұрат Гассиевке (26-0, 19 КО) қарсы өтетін жекпе-жекке дайындық барысында жарақат алып қалған. Бұл туралы Бүкіләлемдік бокс супер сериясының ресми сайты мәлімдеді.  Осылайша аталған турнирдің финалы кейінге шегерілді.

Гассиев-Усик жекпе-жегі кейінге шегерілді

«Бұл жағдай ресейлік боксшының командасына ескертілді және Бүкіләлемдік бокс супер сериясының ресми демеушісі Comosa AG украиналық боксшыны медициналық тексерістен өткізіп, 11 мамырда өтетін жекпе-жекке дайын емес деп шешім шығарған», деп жазады WBSS ресми сайты.

Қазіргі таңда Гассиев-Усик жекпе-жегін қай елде өткізу керектігі талқыланып жатыр. Бұған дейін олардың айқасы Сауд Арабиясында өтеді деп жоспарланған болатын. Кейбір мәліметтерде жекпе-жек жаздың ортасында Ресейде өтуі мүмкін екені айтылады. Ал Александр Усик кездесу Ресейде ұйымдастырылатын болса, финал менсіз өтеді деп отыр.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»