Руханият • 19 Сәуір, 2018

Алматыда «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы талқыланды

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде  «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты жобасын жұртшылық талқылауға қатысты. Бұл игілікті  Қазақстан халқы ассамблеясының бірыңғай күні  аясында аталып өтті.      

Алматыда «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы талқыланды

Шараға ҚХА төрағасының орынбасары Әбилфас Хамедов, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, философия ғылымдарының докторы Сағади Бөлекбаев , әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы  ГүлжиҺан Нұрышева, Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру Жолы» республикалық жастар қозғалысының Алматы қалалық штабының өкілдері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты төрағалары, студенттік ұйымдардың көшбасшылары, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары қатысты.

Бұл ынтықтырған шараның мақсаты – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына жастардың назарын аудару, әлемдік бестселлер болып табылатын және мемлекеттік тілге аударылған кітаптар мен оқу құралдарын насихаттау болып табылса керек. Көңіліңізді шаттық сезімге бөлеген кітап мерекесі де  әлдилеп,қызықтыра түседі. Осы тың үрдіс жалғаса берсе екен.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ