Қазақстан • 19 Сәуір, 2018

Елбасы Серж Саргсянға құттықтау жеделхатын жолдады

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Серж Саргсянға Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы Серж Саргсянға құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Серж Саргсянды Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

«Сіздің саяси тәжірибеңіз бен кәсіби біліктілігіңіз Армения Республикасының өркендеуі мен дамуына септігін тигізетініне сенімдімін.

Қазақстан мен Армения арасында орныққан достық ниеттегі қатынастар екі ел халықтарының игілігі жолында нығая түседі деп ойлаймын.

Сізге зор денсаулық және осы жауапты қызметте жаңа табыс, ал достас Армения халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.