Аймақтар • 20 Сәуір, 2018

Ақмола облысында латын әліпбиіне көшу туралы семинар өтті

590 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жастардың білім мен ғылымға талпынысын қолдау мақсатында өткен жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мен Ақмола облыстық әкімдігі арасында серіктестік туралы меморандум жасалып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді іске асыру сәтімен жүргізіліп келеді. 

Ақмола облысында латын әліпбиіне көшу туралы семинар өтті

Ақмола облыстық тілдерді дамыту басқармасы Мемлекеттік тілді дамыту қорымен бірлесіп «Латын әріпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғырту жолы» атты семинар өткізуі соның дәлелі.

Шараның бірінші кезеңінде өңір студенттері мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, аудармашылар мен ғалымдар бас қосты. Ал мектеп ұстаздары мен 9-11- сынып оқушыларын қамтыған семинардың екінші кезеңі № 3 Красный-Яр көп салалы орта мектеп-гимназиясы қабырғасында жүр­гізілді. Іс-шара барысында смарт­фон және планшеттерге (Android және ІOS платформала­ры үшін) арналған латын әріп­терімен қазақша пернетақта «Qazaq Latyn Keyboard» жаңа жобасының тұсаукесері жасалды.

Шараны Ақмола облыстық тіл­дер­ді дамыту басқармасының бас­шы­сы Марал Жақыпова жүр­гізіп отыр­ды. Мемлекеттік тілді дамыту қо­рының директо­ры Азат Шәуеевтің орынды ес­кер­тпелері мен ұтымды ұсы­ныс­тары ыждағаттылықпен тың­далды. Бұдан кейін сөз алған Қа­зақстан жазушылар одағы Астана қаласы филиалының ди­рек­­торы, «Мәдениет» пор­та­лының бас редакторы Бау­ыржан Қарағызұлының, қор жобаларының үйлестірушісі Әсет Оспановтың және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Лайс Мусиннің баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ қатысушылар үшін Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Қазақ латын әліпбиі тарихының архив құжаттары» тақырыбында және Ақмола облысының білім және мәдениет басқармасының «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбындағы көрмелері ұйым­­дастырылды. Аталған көр­ме­ге латын графикасы жөнінде мер­­зімді басылым беттерінде жа­­рық көрген мақалалар, зиялы қау­­ым ой-пікірлері, 1929-1940 жыл­­дар аралығындағы қазақ жа­зуы­ның латын графикасында ке­ңінен қолданылғанын растайтын мұрағаттық құжаттары, бі­лім са­ласындағы соңғы иннова­ция­лар қойылды. Іс-шара со­ңын­да об­лыстық тілдерді дамыту бас­қар­масы дайындаған өңірдегі жас ақындардың өнерін көрсететін үш бейнероликтің тұсаукесері өткізілді. 

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы