Аймақтар • 20 Сәуір, 2018

Петропавлда спорт колледжі ашылады

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар брифингінде дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есенәлин мәлімдеді.

Петропавлда спорт колледжі ашылады

Өңірдегі тұңғыш спорт колледжі қазіргі күні жұмыс  істеп тұрған  облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернет базасы негізінде құрылып, 2019-2020 оқу жылында бой көтереді.

Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылады. 150 студентке арналып, 250 орынды жатақхана салынады. Орта арнаулы оқу орнын ашу туралы құжаттамалар толық әзір.

«Облыста  спорт жақсы дамып келеді. 120 мыңға жуық тұрғын  денешынықтырумен жүйелі айналысады. 356 жерлесіміз ел командалары құрамында халықаралық, республикалық жарыстарда   олжа салып Алдымызда саңлақ спортшылардың лайықты ізбасарларын дайындау міндеті тұр», дейді дене шынықтыру және спорт ведомоствосының жетекшісі Р. Есенәлин.

Бүгінде спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта оқушылар 7 мен 11 сынып аралығында оқиды.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.