Дубайдағы инвестициялық кездесуде ОҚО-ның инвестициялық өсу драйвері зерттелді

Оңтүстік Қазақстан облысына инвестиция тарту және «ОҢТҮСТІК» аймақтық  инвестициялық орталығы мен  «Ырыс» микроқаржы ұйымы қаржыландырған жобалардың өнімдерін экспортқа шығару процесін ілгерілету мақсатында ОҚО делегациясы Дубай қаласында өткен жыл сайынғы жаһандық инвестициялық кездесуге қатысып қайтты.

Егемен Қазақстан
20.04.2018 12676

«ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығын экспорттық әлеуетті дамыту және инвестиция тарту мәселелері бойынша жұмыс тобының жетекшісі, Басқарма төрағасының орынбасары А.Қансейіт және «Ырыс» микроқаржы ұйымы директорының орынбасары С.Тулендиева таныстырды. G-Global Development Community өкілдері ретінде ОҚО делегациясы ең жоғары ВИП қатысушы мәртебесін алып, 140 мемлекеттің 15 мың қатысушысы тіркелген барлық ауқымды іс-шараларға толық қатысу мүмкіндігіне ие болды. Арнайы конференцияларға сала көшбасшылары, аймақтық және халықаралық ортадағы негізгі акционерлерден құралған 1 500 делегат қатысты. Көрме павильонында 500 стенд орнатылып, онда түрлі қатысушы компаниялардың өнімдері ұсынылды.    

Шара барысында А.Қансейіт ханым аталған шараның басшылығы Marketing Exhibitions Conferences компаниясы және Біріккен Араб Әмірліктерінің экономика Министрлігімен кездесті. Сондай-ақ, Q-Line,  HKTDC, Steel Wood Industries FZCO, Грузия туризм ұлттық әкімшілігі, Azizi Developments құрылыс компаниясының басшылығы, Oxford Property Investments, Balcanco, Dubai properties, FAM Properties және басқа да компаниялар мен келіссөздер жүргізіп, ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. Кездесудің шетел қатысушыларына компания туралы материалдар, оның ішінде «Invest in South-Kazakhstan region» бейнеролигі көрсетіліп, www.kazinvestor.com интернет ресурсы таныстырылды.

Келіссөздер барысында ОҚО-ның экспортқа бағдарланған инвестициялық жобалары бойынша ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланып, инвесторларға ұсынылған әлеуметтік тұрғын-үй, ОҚО бизнес орталықтары және инфрақұрылымдық нысандар құрылысы туралы жобалар бағаланды.

Сондай-ақ, кездесулер аясында делегация Дубай және Абу-Даби қалаларындағы туристік әлеуеттің даму барысымен танысып, инвесторларды тарту және бизнес-климатты дамыту мақсатында туризм инфрақұрылымын ұйымдастыру бойынша тәжірибесін зерттеді.

Marketing Exhibitions Conferences компаниясымен кездесу барысында ОҚО-ға инвесторларды тарту бойынша меморандумға қол қою мәселесі талқыланды.

Іс-шара және БАӘ қалаларын зерттеу қорытындысы бойынша А.Қансейіт БАӘ-нің инвестициялық ахуалы және бизнесті дамытудың негізгі факторлары бойынша толық ақпарат берді. Алдағы уақытта талдау нәтижелері ОҚО-ға инвестиция тарту және экспорттық әлеуетті дамыту бойынша «ОҢТҮСТІК» АИО тарапынан стратегия жасау барысында ескерілетін болады. Айта кету керек, шара қорытындысы аясында ОҚО инвестициялық инфрақұрылымын дамыту бойынша арнайы стратегиялық бағдарламасын әзірлеу жоспарлануда.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.08.2018

Жазықсыз атылған жампоз

15.08.2018

Астананың білім беру мекемелерінің 45 басшысы тәртіптік жазаға тартылды

15.08.2018

Қарулы күштерінің сержанты ер-азаматқа лайық батылдық жасады

15.08.2018

Атыраудағы «КасХим» жылына 27 млн полипропилен мен полиэтилен шығарады

15.08.2018

Керекулік өрендер жазды ойдағыдай өткізуде

15.08.2018

Алексей Цой жеке қабылдауына жазылған азаматтармен кездесу өткізді

15.08.2018

Жамбыл филармониясына Кенен есімі берілді

15.08.2018

«ҚАЗБАТ» батальоны АҚШ-тың «Дала қыраны-2018» бітімгерлік оқу-жаттығуларына қаты­суда

15.08.2018

Нарынқолдағы застава

15.08.2018

Заң кінәлі ме, балл кінәлі ме?

15.08.2018

Солтүстік Қазақстанда 48 полиция қызметкері баспаналы болды

15.08.2018

Физика пәнін ағылшын тілінде меңгерудің тиімділігі

15.08.2018

Алматы облысында жаңадан салынған 9 мектеп оқушыларға есік ашады

15.08.2018

Қапшағайдағы тамыз кездесуі

15.08.2018

Ақылбек ШПИКПАЕВ: Өзгеріс уақыты келді

15.08.2018

Қызылжар ауданындағы 13 ауылға сапалы ауыз су жетті

15.08.2018

Дәурен ҚАРАБАЕВ: Артықшылықты акцияларды кері сатып алу – акция ұстаушылар үшін де, компания үшін де тартымды нұсқа

15.08.2018

Мәлік Отарбаевтың «Бір қайыры бар дүние» кітабының тұсакесері өтті

15.08.2018

Алматыда қалай баспаналы болуға балады?

15.08.2018

Анасын сағынғандар оқитын кітап

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Шалдың баласы

Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу