«Smart Zholy» бағдарламасының үздік стартап жобалары анықталды

Еліміздегі инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу мақсатында «Smart Zholy» бағдарламасы қолға алынып, отандық алты стартап жобасы үздік деп танылды. Енді аталған үздік жобалар Оңтүстік Шығыс Азиядағы Echelon Asia Summit технологиялық конференциясында көпшілік назарына ұсынылмақ. 

Егемен Қазақстан
20.04.2018 13005

Іс-шараға Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Оңтүстік Шығыс Азиялық ірі инвесторлар мен жоба тәлімгерлері, отандық IT-компаниялардың басшылары қатысты. Жиында сөз алған министр Дәурен Абаев цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуде жастардың орны ерекше екенін атады.

– Өздеріңізге мәлім, бүгінде Қазақстанда ақпараттық теxнологияларды дамыту шараларына айрықша көңіл бөлініп келеді. Цифрлық инфрақұрылымды дамыту мақсатында «Цифрлық Қазақстан» атты арнайы мемлекеттік бағдарлама да қабылданды. Тиісті инфрақұрылым және салық жеңілдіктерін, оңайлатылған виза мен еңбек режімін ойластыра отырып, аталған құжатты бір жарым жыл бойы талқыладық. Экономиканы цифрландыруға барынша күш салсақ, Қазақстан мүлдем жаңа деңгейге көтеріледі. Дәл осы жерде отырған жастар «Smart Zholy» сияқты жобалар арқылы тәжірибе жинап, аталған бағдарламаны іске асыратын болады. Ол үшін барлық жағдайлар жасалған, – деді министр Дәурен Әскербекұлы.

Конференцияға қатысқан сингапурлық венчурлық инвесторлардан тұратын арнайы қазылар алқасы жобаларды қарастырып, «Nommi», «OKauto», «Game of drones», «AILabs», «Neupusti» және «KazMotors» атты алты жобаны таңдап алды. Бұл стартаптар білім беру, туризм, көлік, киберспорт, жасанды интеллект сияқты салаларды қамтиды. Осы ретте сөз алған Echelon Asia Summit (Сингапур) компаниясының негізін бірлесіп қалаушысы Тэдиус Ко жеңімпаз топтарды құттықтады.

– Біз қазақстандық стартаптарды Сингапурде және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі Echelon Asia саммиттерінде қабылдап жүрміз. Қазақстандық командалардың әлеуеті жоғары», - деп атап өтті Тэдиус Ко.

Таңдалған үздік жобалардың бірі – «OKauto» бағдарламасының негізін қалаушы Әли Шайхисламның айтуынша,  аталған мобильді қосымша арқылы көлік иелері айыппұл сомасы мен себебі туралы ақпарды электронды түрде біледі әрі банк картасы арқылы онлайн төлем жасай алады. Бүгінге дейін бағдарламаны елімізде 100 мыңнан астам адам тұрақты қолданып келеді.

«Жуырда ресейлік Mail.Ru Group сарапшылары біздің жобамыздың құнын 300-500 миллион рубльге бағалады. Бұл бізді одан сайын ынталандыра түсті. «Smart Zholy» бағдарламасы арқылы жобамызды әлемдік нарыққа шығаруға мүмкіндік алдық», дейді Әли Шайхислам.

2017 жылы басталған «Smart Zholy» жобасының алғашқы кезеңі Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар қалаларында өткізілген болатын. Биыл өтіп жатқан екінші кезеңге еліміздің 16 қаласы атсалысты. Финалға іліккен 20 үздік топ халықаралық тәжірибелі кәсіпкерлермен бірлесе отырып жобаларын ары қарай дамытатын болады.

Қазақстандық стартаптардың тірі экожүйесін құру  алдағы онжылдықтарға есептелген міндет болып отыр. Шетелдік кәсіпкерлер мен технологиялық мамандар – жергілікті стартаптардың экожүйесін дамытуда өзіне тән ноу-хаудың қайнар көзі. Echelon Asia саммиті Азияның технологиялық экожүйесі ресурстарын дамыту мақсатында 2007 жылдан бері өткізіліп келе жатқан ірі платформа. Түрлі бизнес-конференциялар мен көрмелердің басын қосатын саммитке биыл әлемнің 30 елінен 5 мыңнан астам көшбасшылар қатысады. Бұл ретте ұлттық цифрландыру бағдарламасын сәтті іске асыра білген Сингапур мемлекетінің тәжірибесі, сондай-ақ кәсіпкерлік, басқару технологиялары – шетелдік мамандар бөлісуге қабілетті барлық жетістіктері – еліміздегі стартап индустриясын қалыптастыруды жеделдете түспек.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.08.2018

Қыркүйек айынан бастап «Астана-Теміртау» күре жолы ақылы болады

15.08.2018

Дәметкен Сүлейменованың «Жаһанша Досмұхамедов һәм қазақ автономиясы» кітабы жарық көрді

15.08.2018

Жазықсыз атылған жампоз

15.08.2018

Астананың білім беру мекемелерінің 45 басшысы тәртіптік жазаға тартылды

15.08.2018

Қарулы күштерінің сержанты ер-азаматқа лайық батылдық жасады

15.08.2018

Атыраудағы «КасХим» жылына 27 млн полипропилен мен полиэтилен шығарады

15.08.2018

Керекулік өрендер жазды ойдағыдай өткізуде

15.08.2018

Алексей Цой жеке қабылдауына жазылған азаматтармен кездесу өткізді

15.08.2018

Жамбыл филармониясына Кенен есімі берілді

15.08.2018

«ҚАЗБАТ» батальоны АҚШ-тың «Дала қыраны-2018» бітімгерлік оқу-жаттығуларына қаты­суда

15.08.2018

Нарынқолдағы застава

15.08.2018

Заң кінәлі ме, балл кінәлі ме?

15.08.2018

Солтүстік Қазақстанда 48 полиция қызметкері баспаналы болды

15.08.2018

Физика пәнін ағылшын тілінде меңгерудің тиімділігі

15.08.2018

Алматы облысында жаңадан салынған 9 мектеп оқушыларға есік ашады

15.08.2018

Қапшағайдағы тамыз кездесуі

15.08.2018

Ақылбек ШПИКПАЕВ: Өзгеріс уақыты келді

15.08.2018

Қызылжар ауданындағы 13 ауылға сапалы ауыз су жетті

15.08.2018

Дәурен ҚАРАБАЕВ: Артықшылықты акцияларды кері сатып алу – акция ұстаушылар үшін де, компания үшін де тартымды нұсқа

15.08.2018

Мәлік Отарбаевтың «Бір қайыры бар дүние» кітабының тұсакесері өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Шалдың баласы

Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу