Үкімет басшысы жаңадан сайланғанымен 12 министр мен 4 комитет басшысы сол күйінде қалды. Тек вице-премьер қызметіне жаңа адамдар сайлануы мүмкін.
Жақында Қырғызстан парламентіндегі оппозициялық партия өкілдері бұрынғы премьер-министр Сапар Исаковқа сенімсіздік таныту туралы ұсыныс жасаған болатын. Оның отставкаға кетуін парламенттегі 112 депутаттың 101-і қолдады. Осыдан соң ел президенті Сапар Исаковтың отставкасын қабыл алды.