Ломаченконың жеңісті жолы

Жуырда ғана өзінің туған күнін тойлаған украиналық танымал боксшы кейбір спортшылар мансабының со­ңында да жете алмайтын биіктерді 30 жасына дейін бағындырып үлгер­­ді. Бүгінге дейін екі рет Олим­пиада және әлем бі­рін­шілігінің жеңімпазы атан­ған Василий Ломаченконың же­­ңіске жолы тынбай ең­бек­­тенген адамның бәрі­не қол жеткізе алатынына дә­лел болады.

Егемен Қазақстан
23.04.2018 6664

Василий Ломаченко 1988 жылы Украинаның Одесса облысына қарасты Белгород-Днестровский қаласында дү­ние­ге келген. Әкесі – Ана­то­лий Ломаченко бокс клубы­ның жаттықтырушысы, анасы – Татьяна Ломаченко кәсіби ак­робат, спорт шебері. Спорт­шылар отбасында дүниеге келген бала да спорттан алысқа ұза­май­тыны белгілі. Сол се­беп­­ті кіші Ломаченко бокс әліппе­сін үйренуді әкесінің қа­таң қадағалауымен бастады. Әуел­де Анатолий Ломаченко ұлы­ның кә­сіби боксшы болғанын қа­ла­ма­ған, тек нағыз ер-азамат тәр­бие­леуді көздеген.

Кіші Ломаченко 10 жасына дейін тек рингке шы­ғып қоймай, ескек есу, футбол және самбо спортымен шұ­ғыл­­данған. Кейіннен оны әкесі бокс үйірмесінен шығарып, биге береді. Ол би үйірмесіне бар­ғысы келмейтінін, биді жаны қа­ла­майтынын әкесіне қанша айт­қанымен, онысынан түк шық­пады. Әкесі оған «Егер би­ге бармайтын болсаң, бокс үйір­месіне мүл­де қатыспайсың» деп қор­қытқан. Василий өзінің сүйік­ті спортынан айырылып қалмас үшін, әкесінің дегеніне көніп 3 жыл бойы биге қатысады.

Анатолий Ломаченко баласын не үшін биге бергенін былай түсіндіреді. «Мен ұлымның боксқа икемі бар екенін, бола­шақ­та үлкен додаларда топ жара­тынына көзім жетіп тұрды. Бірақ ол үшін аяқта жұмыс істеу­ді меңгеру керек екенін түсін­дім. Сол үшін мен оны биге бер­дім», дейді әкесі. Расымен, Лома­чен­ко бидің арқасында рингте аяқпен еркін қимылдап, шаршы алаңда билеп жүргендей жыл­дам әрі епті әрекет жасайды. Қарсыластарының көбі Лома­чен­коның қимылын болжай алмай, жеңіліп жататын.

Ұлының аяқпен қимыл­да­у­ын­да мәселе жоқ екенін, енді қай­та бокспен шұғылдануға бола­тынын ескерген әкесі Васи­лийді 13 жасында қайта бокс за­лына әкеледі. Тынбай ізденіс үс­тінде жүрген әкесі күн сайын жаңа жаттығу ойлап, ұлын ерекше әдістермен дайындай бастайды. Бір күні жазық далада, екінші күні теңіз жағасында жүгіртеді. Ал үшінші күні судың ішінде жат­тығу жасатқызады. Оны­сы­мен қоймай, маңызды жарыс алдында баласына теңіз ішінде тол­қынға қарсы 9 шақырым жү­зуді тап­сырады. Ол жаттығу кезінде баласына ешқашан жанашырлық танытқан емес. Ломаченко әке­сіне «Әке, шаршадым, аз ғана де­м­алайықшы» дегенде, әкесі ұлына күліп қарап, «Балам, біз де­малыссыз жаттығамыз» деп дай­ындығын әрі қарай жал­ғас­тыра береді.

Әкесі айтады: «Жер шарында бізден де басқа адамдар өмір сүріп жатқанын түсінуіміз керек. Сол адамдардың ішінде біз сияқты Олимпиада, әлем чемпио-
ны болу үшін тынбай еңбек етіп жатқан бір адам болуы мүмкін. Тіпті олар жаттығу кезінде біз­ден екі есе көп машықтанып жа­туы да ықтимал. Мысалы, сен бү­гін өзіңді аяп 10 жаттығу орын­дасаң, ол 12 жаттығу іс­тей­­ді. Ертең сен 12 жаттығу істе­сең, ол 15 рет машықтануы ға­жап емес. Мі­не, сен жарысқа бар­май-ақ, ол адам­нан жеңіліп жа­тыр­сың. Со­н­-
дықтан алдыңа биік мақ­сат қой­ған екенсің, ол жолда еш­теңе­ден аянбау және өзіңді аямауың керек», дейді.

Ал Ломаченконың өзі әкесі­нің күнде жаңа жаттығу ойлап табатыны соншалықты, кей­де жаттығуды неден бас­тарым­ды білмей қала­мын дейді. «Ме­нің бокспен шұ­ғыл­­данып жүр­ге­німе 20 жылдан асса да, жал­ғыз қалғанда әлі күнге дейін жат­ты­ғуды неден бастарым­ды біл­мей­мін. Былай қарасаңыз, мен Олимпиада, әлем чемпионымын. Бірақ жаттығуға келгенде әкем болмаса мен ешкім емес екенмін. Әкеммен жүрсем жаттығуға да, жекпе-жекке де алаңдамаймын», дейді чемпион.

Әкесі баласының рингте өзін еркін сезініп, аяқта шапшаң қимылдай алатынына көзі жетіп, ұлына жеңістің бәрі тек тыным­сыз еңбектің, жаттығудың арқасында келетінін осылайша ұқтырды. Енді Ломаченкоға осы екеу­ін біріктіретін, дегеніне жету үшін білім керек деп ойлайды. Сөйт­ті де, баласымен әрбір жаман сөз айтқаны үшін атақты жа­зу­шылардың, ақындардың шы­ғар­масын оқып, өлеңдерін жат­тауға келісті.

Василий айтады: «Украина спорт­шыларының тарихында сабақ­ты таңғы беске дейін оқыған мен шығар. Кешкі жаттығудан шаршап келіп, сабақ орындауға ерінетінмін. Әкем «Сабағыңды орындадың ба?» деп сұраса «иә» деп жауап беретінмін. Ал шын мәнінде мен кітаптың бе­тін де ашпаған едім. Сабақ оқы­ма­ға­нымды білген әкем таңға дейін маған сабақ оқытатын».

«Адам кім болғанына қара­мас­тан, оған ең алдымен білім керек. Егер спортшы сабағын дұрыс оқи алмаса, одан тәуір спортшы шыға қоюы екіталай. Кез келген спорт түрі адамнан жоғары білімді талап етеді. Егер сен шынымен білімсіз болсаң, онда саған үлкен спортта орын жоқ. Орын болғанымен, сен тек спорт шебері деген атаққа дейін жетуің мүмкін. Ал әрі қарайғы же­тістікке тек білімің арқылы жетес­ің», дейді Ломаченконың үлкені.

Тіпті Анатолий Ломаченко ұлын сабақ оқымаған үшін ел іші­лік және халықаралық жарыс­тар­ға қатыстырмайтын. Васи­лий­мен қатар балалар жеңіске жетіп, чемпион атанып жатқанда чемпион бала үйінде сабақ оқып отыратын. Кейін Василийдің өзі жарысқа қатыса алмай қалған кездері өзіне қосымша күш сыйлап, жеңіске деген жігерін арттыра түскенін айтады. Сөйтіп ол 2004 жылы Украинаның жастар құрамасына қабылданып, сол жылы Еуропа чемпионы және үздік боксшы атанды. Ал 2007 жылы 19 жасында бірінші рет ересектер арасындағы әлем чемпио­натына қатысып, Олимпиадаға жолдама алғанымен, финалда жеңіліп қалды. Бұл Ломачен­ко­ның әуесқой бокстағы жал­ғыз жеңілісі болатын. Оның түйсі­гін­де екінші немесе үшінші орын алу деген мүлдем болмайтын. Арадан бір жыл өткенде ол Олимпиада чемпионы атанды. Онда ол бір жыл бұрын әлем чемпионатында жеңілген ресей­лік Альберт Селимовпен алғаш­қы айналымда жолығып, еш қиындықсыз жеңіске жетті. Бейжің Олимпиадасынан кейін Василий Ломаченко Украинаға жұлдыз болып оралды, ал Бел­го­­род-Днестровск тек тарихи қала ғана емес, сонымен қатар атақ­ты боксшыны тәрбиелеген қала ре­тінде танымал болды. Себе­бі Бейжіңде ол техникасы ең мық­ты боксшы марапатталатын «Вел Баркер» кубогының иегері атан­ған-ды.

Арадан төрт жыл өткенде Ва­си­лий Ломаченко Лондонда өткен Олимпиадаға қатысып, екін­­ші рет Олимпиада чемпионы бол­ды. Бұған дейін ол 2009 және 2011 жылы Милан мен Бакуде өт­кен әлем чемпионатын­да жеңім­паз болып, Украина бок­сы
тари­хында әлем чемпиона­ты мен Олимпиаданы жеңген тұң­ғыш боксшы ретінде қалды.

Міне, осындай үлкен жаттығу мен еңбектің, тәртіп пен білімнің арқасында Василий Ломаченко тек Украинаның емес әлемнің ең атақты боксшысына айналды. Сон­дай-ақ боксты енді бастаған спорт­шылардың кумиріне ай­нал­ды. Оның бүгінге дейін жү­ріп өткен жеңіс жолы жас спорт­шы­ларға қосымша күш, қосымша серпін беретіні анық.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.07.2018

Триатлоннан өтетін ашық турнирде 300 адам жарысқа түседі

18.07.2018

Ақылы автотұрақ төлемін мобильді қосымша көмегімен төлеуге болады

18.07.2018

Сыр өңірінде жыл басынан бері 228 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

18.07.2018

Қазақстандық суретші Ядросыз болашақ үшін» сыйлығын жеңіп алды

18.07.2018

Әміре ауылындағы той

18.07.2018

Қызылордада АӨК саласында 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

18.07.2018

Қамбаш көлінде демалушылардың қатары жыл сайын көбейіп келеді

18.07.2018

Сыр өңірінде жазасын өтеушілер диплом алып жатыр

18.07.2018

Қызылордада қалалық аурухана жаңа құрылғылармен толықты

18.07.2018

Жалағаш ауданында күн электр станциясының құрылысы басталды

18.07.2018

Елімізде жеңіл автокөліктердің саны артты

18.07.2018

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жас офицерлермен толықты

18.07.2018

Ханшалар киген қасаба

18.07.2018

Степ­ногорск қалалық тарихи-өлкетану музейі ашылды

18.07.2018

Алматыда Кореямен бірлескен клиника ашылды

18.07.2018

Шекара туралы толғау

18.07.2018

Қытай елінің айшықтары

18.07.2018

Тұманды сейілткен «Талан

18.07.2018

Мағжанның «Батыр Баяны»

18.07.2018

Жеткіншектер сауықтыру лагерінде өз-өзін жетілдіре түсті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ормуз бұғазы жабылған жағдайда...

Осы айдың басында Иран Ислам Рес­публикасының президенті Хасан Рухани Швейцария еліне жасаған сапары кезінде мұнай импорттаушы мемлекеттер Иранның мұнайын сатып алмаған жағдайда Ормуз бұғазын жауып тастайтындарын мәлімдеді. Президенттің бұл мәлімдемесі АҚШ билігінің Иран мұнайын сатып алмауға өз одақтастарын ықтиярсыз көндіруге бағытталған қысымына байланысты болса керек.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу