Парламент • 23 Сәуір, 2018

Қалдықтарды кәдеге жарату – ауқымды міндет

2345 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Біз, яғни Сенаттың бір топ депутаты Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдаған сауалымызда мына төмендегі мәселелерге ыждаһаттылықпен қараудың қажеттілігін назарға алдық.

Қалдықтарды кәдеге жарату – ауқымды міндет

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­стан халқына арнаған «Төр­тінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында өңірлердің басшыларына шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарта отырып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу шараларын қабылдауды міндеттеді.

Елімізде тұрмыстық қатты қал­дықтар көлемі күн өт­кен сайын артып келеді. Энер­гетика министрлігінің мәлі­метінше, Қазақстанда жыл сайын 5 миллион тоннадан ас­там тұрмыстық қалдық пай­да болып, оның 9 пайызы ғана қайта өңделеді екен. Бұл еліміздегі тұрмыстық қат­­ты қалдықтардың қорша­ған ор­таға кері әсерін тигіз­іп, эколо­гия­лық ахуалға а­йтар­лық­тай нұқсан келтіріп жат­қанын көрсетеді.

Әрине кейбір бизнес құ­ры­­лымдары тұрмыстық қат­­ты қалдықтарды қайта өң­деп, игілікке жарату жобаларын жүзеге асыруда. Осы бағыт­тағы шетел тәжірибесін зер­делеп, озық технология үлгі­лерін енгізген кәсіпкерлер де бар. Алайда саусақпен са­нар­­лық олардың әлеуетінің аз­­ды­­ғы мен тұрмыстық қатты қал­­дық­­тар көлемінің шектен тыс ұлғаюы алаңдатар­лық ахуал. Бұл жөнінде «Егемен Қазақстан» газеті бір­қатар материалдар легін жа­рия­лады. Соның бірі бас басы­лым­­да биыл 20 наурызда жа­­рық көрген «Біз қашан таза­ра­­мыз?» атты шағын мақа­ла­да да өте өзекті мәселе көтеріл­ді. Аталған мақа­лада отан­дастарымыздың эколо­гия­лық мәдениеті, қала­лар мен елді мекендердің сани­тарл­ық жай-күйі баян­далған.

Жаһанға зер салсақ, АҚШ, Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азияның дамыған елдерінде қоқысты жағу арқылы энергия қуатын алады. Бұған халықтың тығыздығы мен қуатты логис­тика да мүмкіндік береді. Мә­се­лен, Швецияда тұр­мыс­тық қал­дықтардың 99 па­йы­зы кәде­ге жаратылады екен.

Сондықтан Елбасы тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда да тұрмыстық қалдықтарға бей-жай қарамай, оны ел экономикасына пайдалану жағын ойластырған абзал. Өйткені өкілетті органдарда қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама талаптарының орындалуын қадағалау, жер­гілік­ті атқа­ру­шы органдар­да тұр­мыс­тық қатты қал­дық­тарды жинау, тасымал­дау, қайта өңдеу және жою құзы­рының бол­ға­нына қарамастан, бұл мәсе­ле өткір күйінде қалып отыр. Қоқысты шығару жеке ұйым­дарға берілгенімен, олар қыз­мет құнының төмендігіне бай­ланысты оны қайта өңдеу мен ут­илизациялау орындарына жеткізе бермейді. Бұл өз ке­зе­гінде рұқсат етілмеген қо­қыс үйінділерінің пайда болуы­на алып келуде. Елі­міз­де қоқысты жекелеп жинау, сұрып­тау мен қайта өң­деу инфрақұрылымы дамымай отыр. Жеке және заңды тұлға­лардың қоқыс шығару қыз­метіне төлем жасау жауап­кершілігінің төмендігі де бұл саладағы мәселелердің қор­далана түскендігін бай­қатады. Жергілікті бюджеттерден қоршаған ортаны қорғау шараларына жеткілікті қаражаттың бөлінбеуі, аталған салаға инвестиция көздерінің тар­тылмауы қоғамда тұрмыс­тық қал­дық­тарға оң көзқарас қа­лып­­таспай отырғанын аң­да­тады.

Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола­­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған бабаларымыздың табиғатпен етене өмір сүру салтында бол­ған шынайы прагматизмді за­манға сай қайта жаңғыртудың маңызы өте жоғары. Мәселен, ұлттық мерекелерде бұқаралық іс-шаралардан кейін алаңдарда қаптаған қоқыс қалады. Бұл эко­логиялық тәрбиенің мүл­дем төмендеп кеткенін көрсе­теді. Яғни ең алдымен сананы тәрбиелемей қандай да бір жетістікке жету күрделі күйінде қала бермек.

Жоғарыда аталған жайт­тарды ескере отырып, мынадай басты мәселелерге назар аударғым келеді.

Біріншіден, елді мекен­дердің санитарлық жағдайы мен айналасындағы қоқыс үйінділеріне мемлекет­тік органдар ерекше көңіл аударуы, тиімді шаралар қабылдауы тиіс. Екіншіден, тұрмыстық қал­дықтар орналасқан орындар­ды бақылауға алып, оның қор­шаған ортаға әсеріне мо­нито­ринг жүргізген жөн. Үшін­­шіден, тұрмыстық қат­ты қал­дықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратумен ай­на­лыса­тын кәсіпкерлік қыз­метті дамы­туға қолдау көр­сету керек. Төртіншіден, ха­лық­тың эколо­гиялық сауатын жетілдіру шараларын бел­сен­ді жүргізу жолдарын қарас­тырған абзал.

Осы орайда Үкімет Энер­гетика министрлігімен бір­лесе отырып, кешенді шара­ларды белсенді түрде іске асыруы, қажет болған жағ­дай­да арнайы бағдарлама қабыл­дау мәселесі қаралып, тиісті заңнамалық актілерге өзге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс жасауы керек деп ойлаймыз. Бұл Президент Жар­лығымен бекітілген жасыл экономикаға көшу тұ­жы­рым­дамасын жүзеге асы­руға да белгілі алғышарт болар еді.

Дүйсенғазы МУСИН,

Сенат депутаты