Парламент • 23 Сәуір, 2018

Көпір құрылысына қосымша қаржы қажет

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Үкіметтің (2013 жылғы 11 қазандағы 01-7.14 хаттамасымен) Мемлекет бас­шысы берген тапсырмаларды орын­дау жөніндегі іс-шаралар жос­парына Атырау облысының Ма­хамбет және Индер аудандарына қарасты Жайық өзенінің үстінен көпір құрылысын салу жобасы енгізілген.

Көпір құрылысына қосымша қаржы қажет

Нысанның жалпы құны 9 800,0 млн теңгені құрайды. 2014-2017 жыл­дар аралығында атал­ған жо­ба­ға 7 550,3 млн теңге көле­мін­де қар­жы бөлінген. Осы қара­жат­тың 6 050,3 млн теңгесі, яғ­ни 80% жергілікті бюджет есебінен игерілген. Бұл көпір респуб­ли­калық маңыздағы Ақтөбеден ресей­лік Астраханьға дейінгі жолды қысқартып, транзиттік көлік ағынын Атырауға кіргізбей өткізуге мүмкіндік береді. Соны­мен қатар 50 мыңнан аса тұр­ғыны бар 18 елді мекен хал­қы­ның бүгінгі күнге дейін аудан орта­лы­ғына пароммен қаты­науы тұр­ғындардың тірші­лігі­не қолайсыз әрі қауіпті жайт және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да кері әсерін тигізуде.

Осы тарапта аса қажетті көпір құрылысы жұмысын жылдам аяқтап, іске қосу мақсатында 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақты­лау кезінде қосымша 1 500,0 млн теңге бөлінген жағдайда, биылғы жылы нысанды толықтай бітіріп, іске қосуға мүмкіндік туады.

Нысанның әлеуметтік маңыз­дылығын ескере отырып Үкімет басшысы Бақытжан Сағын­таевтың атына жолдаған сауал арқылы 2018 жылғы респуб­лика­лық бюджет есебінен жоғарыда аталған қалған қаржы сомасы­ның бөлінуіне ықпал етуді сұрап отырмыз.

Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ,

Сенат депутаты