Аймақтар • 23 Сәуір, 2018

Қызылорда облысындағы кәсіпкерлер палатасының мамандары дихандарға тегін кеңес береді

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада күріш өсірумен айналысатын шаруашылықтарға арналған «Тыңайтқыштарды тиімді пайдалану және күріш өнімділігін арттыру» тақырыбында семинар өтті.

Қызылорда облысындағы кәсіпкерлер палатасының мамандары дихандарға тегін кеңес береді

Облыстағы кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Жасұлан Серіков бұл семинардың шаруалар үшін өте пайдалылығын айтады.

– Күріш алқаптарынан жоғары өнім алу үшін «тегін кеңес беру қызметін» бастамақшымыз. Нәтижесінде кез келген күрішші аптасына екі күн кеңсеге барып кеңес алуға және маманды егіс алқабына шақыртып қажетті пайдалы нұсқама-кеңестерін алу мүмкіндіктеріне ие болмақ. Мұндай «кеңес беру қызметтері» Еуропа елдерінде жақсы жолға қойылған. Шаруашылықтар көп орналасқан өңірлерде ашылып, зейнет жасындағы тәжірибесі мол ауылшаруашылық мамандарды жұмысқа алынып, жас шаруашылықтарға қолдау жасайды. Қазіргі таңда агроном-маманның тұрақты отыратын орнын ұйымдастыру шараларын жүргізудеміз, – деді Жасұлан Серіков.

Аталған жоба алғашқы болып Сырдария ауданында қолға алынбақ.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»                 

Қызылорда облысы