Аймақтар • 23 Сәуір, 2018

Полицей жала жабамын деп бостандығынан айырылды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында дәлелдемелерді қолдан жасаған бұрынғы полицей жауапқа тартылды.

Полицей жала жабамын деп бостандығынан айырылды

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты полиция қызметкеріне тағылған айып толықтай дәлелденгенің айтады. Ол әйел кісіге көлікті масаң күйде жүргізгені үшін айыппұл салған. Оны заңсыз түрде наркодиспансерге барып тексерілуге мәжбүр еткен.

«Оған қоса көлікті бірнеше метр жерге дейін заңсыз жүргізген. Бойжеткеннің үстінен мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына іс түсірген. Негізінде қыз бала есік алдындағы көлікте құрбысымен әңгімелесіп отырған екен. Сот құжаттарды сараптай келе бойжеткеннің ешқандай кінәсі жоқ екеніне көз жеткізді», дейді әкімшілік сот хабарламасында.

Облыстық прокуратура заңды белінен басып, білермендікке салған полицейдің үстінен қылмыстық іс қозғалуға шешім қабылдап, ол бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы