Қазақстан • 23 Сәуір, 2018

Жұмыссыз жастардың саны азаюда – Абзал Нүкенов

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде «Модернизация жағдайындағы жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер» атты  баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды ОКҚ баспасөз қызметі.

Жұмыссыз жастардың саны азаюда – Абзал Нүкенов

«Әкімдіктер 2017-2020 жылдарға арналған жастардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған іс-шаралар жоспарларын әзірледі. Бірқатар өңірлер жобаларының инфрақұрылымын қалыптастыра бастады. Қазіргі уақытта коворкинг орталықтар, спорттық нысандар, аула клубтары ашылуда. Өткен жылы осы жоспарларға сәйкес 379 жаңа көп функционалды нысандар және 7 денсаулық орталығы пайдалануға берілді», деді  Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов.

Вице-министрдің айтуынша,  жұмыссыз жастардың саны соңғы жылдары 4,1%-дан 3,9 %-ға дейін азайған.  2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың саны 3,6%-ға төмендеген,  сондай-ақ, жастардың арасында суицид оқиғалары 8, 2% азайған.

«2013-2020 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тұжырымдамасы» жастар саясатының негізгі бағыты болып табылады. 2017 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ескеріле отырып, аталған тұжырымдаманы іске асыру жоспарына өзгерістер енгізілді. Жаңадан қосылған іс-шаралар жұмыспен қамту, бос уақытты тиімді пайдалану, отбасылық құндылықтарды дамыту, жастар ұйымдарын қолдау, кәсіпкерлік пен волонтерлік қызметті  қамтиды», деп қорытындылады.