Қазақстан • 25 Сәуір, 2018

Заңгер кеңесі: Шаруа қожалығын қалай ашуға болады?

4770 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлік негіздерін оқытуға арналған «Бастау Бизнес» жо­басы жұмыспен қамту және жап­пай кәсіпкерлікті дамыту бағ­дар­ламасының аясында жүзе­ге асы­рылуда.

Заңгер кеңесі: Шаруа қожалығын қалай ашуға болады?

Жоба аясында кәсіп­кер­­лік арқылы тұрғындардың эко­но­­микалық белсенділігін арттыру және жұмыспен қамту мақсат етіл­ген. Жобаға жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қа­тыса алады.

Жобаға Қазақстанның 14 облысы, 80 ауданынан 15000 жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтығандар қатысты. Олардың 3314-і бизнес нысандарын ашты немесе кәсіпкерлігін (стартап-жобасын) кеңейтті. Былтырғы жылмен салыстырғанда «Бастау» жобасына біршама өзгерістер енгізілуде. Атап айтқанда, жобаға қатысушылар саны 15 мыңнан 30 мыңға дейін көбейді. 30 мың қатысушының ішінде кемінде 6 мыңы (20 пайызы) бизнес ашуы қажет. Жоба өткізу географиясы да кеңейді: былтырғы 80 ауданның орнына 160 ауданда өткізілетін болады. Биыл жоба қалаларда да өткізіледі: аудандардан басқа 27 моноқала мен 14 облыс орталығын қамтиды. Бизнес-жоба дай­ындауда олардың экономикалық тиім­ділігі мен өңірлік, ауданаралық тіз­б­ектіктерге кіруі ескеріледі. Одан бөлек бизнес-жобалардың сүй­е­мелдеу механизмі жетілуде. ар­найы сүйемелдеу мақсатында CRM-бағдарламасы енгізілуде. Бағдарлама бойынша былтыр жалпы сомасы 32 миллиард теңге болатын 7200 шағын несие берілді. 

Жалпы, мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалығын қалай ашуға болады деген сұраққа келсек, шаруа қожалығы ерікті негізде жасақталады және жер телімін пайдалануға құқық алғаннан немесе жеке кәсіпкер ретінде мем­лекеттік тіркеуден өткен сәттен бас­тап құрылған болып есептеледі. Шаруа қожалығын бірлескен кәсіп­кер­лік негізінде тіркеген кезде мем­лекеттік тіркеу туралы куәлік шаруа қожалығының басшысына беріледі. Куәлікке шаруа қожалығы мүшелерінің тізімі қоса тіркеледі. Шаруа қожалығы жергілікті жердегі салық мекемесінде тіркеледі. 
Шаруа қожалығының басшысы жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өту үшін төмендегідей құжаттар өткізеді:

1) тіркеу есебіне алу туралы өтініш;

2) жер телімін тұрақты пайдалану туралы меншік құқығына немесе уақытша пайдалану туралы келісімшарт актісі;

3) Шаруа қожалығы басшысының 3х4 суреті. Ресей, Беларусь, Қырғыз Республикасы елдерінің азаматтарын Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат етілген ықтиярхат болған кезде ғана жеке кәсіпкер ретін­де тіркеуге болады. Өзге ел­дер­дің азаматтарын Қазақстан аума­ғын­да жеке кәсіпкер ретінде тіркеу мүмкін емес. 

Соңғы кездері агроөнеркәсіп өнім­дерін өткізуде проблемалар бар екендігі айқын білініп жүр. Бұл бағытта ҰКП бірқатар ұсынымдар ұсынады. Осы бағытта өнді­ру­шілерді біріктіру және маман­дан­дыру үшін бізге ауылдағы коопе­рацияларды дамытумен қатар мем­лекеттің көмегі қажет. Бұл тұ­ты­нушыға да пайдалы. Айта­лық тауарлардың өндірушіден қалаға жеткенге дейінгі тізбегін сарап­тау өнімнің 20-40%-ға дейін қым­баттай бе­ретінін көрсетті. Осыған орай «Атамекен» ҰКП өнімді тікелей өткі­зу мақсатында сауда желілері мен ауыл­шаруа­шылық кооперативтері ара­сында ынтымақтастық құру тә­сілін ұсынады. Біз мұндай жобаны Алматыда бастап кеттік және бұл модельді басқа қалаларда да іл­ге­рілетуге ден қоямыз. Біз мұн­да сауда желілері мен ауыл­ша­руа­шылық кооперативтері ара­сын­дағы сауданы дамытудың үш ке­зеңін белгіледік. Ол да тәжі­ри­беден өтті.