Қазақстан • 25 Сәуір, 2018

«Жас қанат» жас орындаушы­лар және шоу-бағдарлама жүргізу­шілерінің байқауы өтті

712 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында ХХІІ «Жас қанат» жас орындаушы­лар және шоу-бағдарлама жүргізу­шілерінің облыстық байқауы өтті. Биылғы жылы ол Астананың 20 жыл­дығына және жергілікті «Сарыарқа» телеарнасының 60 жылдығына арналды. 

«Жас қанат» жас орындаушы­лар және шоу-бағдарлама жүргізу­шілерінің байқауы өтті

Өнер жарысында Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев қалала­рынан, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқа­ралы, Осакаров, Шет және  Ұлытау аудандарынан 20 вокалшы мен 9 шоу-бағдарлама жүргізушісі бақ сынады. Биыл байқаудың тарихында тұңғыш рет қазылар алқасы аудандарға шығып, байқауға қатысушылардың іріктеу тыңдауларын өткізген болатын.

Конкурс қорытындысында «Эстра­далық вокал» аталымында Гран-при жүлдесін Еламан Мәженов жеңіп алды. Бірінші орынға Әсет Жабаев ие болса, екінші жүлде Темірлан Боранбаев пен Ақжол Әмірханға бөлініп берілді. Ал жүлделі үшінші орынға Диана Бекмұрзаева, Тілек Мағұлов және Анар Тәжентаева лайықты деп танылды. «Астана туралы үздік ән» аталымында «Хан тәңірі» тобы үздік шықты.

«Шоу-бағдарлама жүргізушісі» сынағында қазылар алқасы жеңісті Бұлбұл Бердіқұловаға берді. «Жас қа­нат» байқауының облыстық кезе­ңінде топ жарған жеңімпаз Астана қала­сында өтетін республикалық конкурста Қара­ғандының намысын қор­ғайтын болады.

Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ

Соңғы жаңалықтар